«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Келісімге келу, татуласу-кез-келген уақытта маңызды

Келісімге келу, татуласу-кез-келген уақытта маңызды

Қазақта «Қарыз күліп келіп, жылап қайтады» деген нақыл сөз бар. Расында да, қарызға алынған қаржы тығырыққа тірелген жанды уақытша қиындықтан құтқарғанымен, оның артынан көтертер жауапкершілігінің жүгі ауыр.
Өйткені «Алаған қолым - береген» деп те бекер айтылмаған. Алынған ақша уақтылы иесін таппаса, «даудың басы Дайрабайдың көк сиырына» айналып кетері анық.
Мұндайда кей азаматтар амалсыздан сот төрелігіне жүгініп жатады.
Таяуда Жаңақорған аудандық сотында қаралған азаматтық іс – дәл соның айғағы.
Талап қоюшының сотқа жолдаған талап қоюында көрсетілгендей, өткен жылдың желтоқсан айында жауапкер одан 78 000 теңгені құрайтын жылқы етін қарызға алады. Қарыз сомасын сол айдың соңына дейін қайтаратынын көрсетіп жазбаша қолхат береді.
Көп ұзамай межелі мерзім де келіп жетеді. Жауапкердің өзі келіп қаржысын қайтармаған соң, амалсыздан телефон шалады. Сөйтіп жүргенде арада бірнеше ай зымырап өте шығады. Ақыры «Шыдамның да шегі бар» дегендей, қарыз сомасын өз еркімен қайтармайтынына көзі жеткен талап қоюшы жауапкерден алашақ ақшасын даулап сотқа жүгінеді.
Талап қоюды алғаннан кейін аудандық соттың татуластырушы судьясы Э.Рысқұлов татуласу рәсімін жүргізіп, бұл ретте тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін, оның салдарын түсіндірді және дәлелдемелерді аша отырып, сотқа дейінгі хаттама рәсімделді.
Татуластыру рәсімдері аясында жасалған медиациялық келісімге сәйкес тараптар өзара келісімге келді.
Аталған келісім бойынша жауапкер О., 78000 теңге қарыз ақшасын талап қоюшыға 2022 жылдың сәуір-мамыр айларының 30 жұлдызына дейін әр ай сайын 39000 теңгеден төлеуге міндеттенді, ал талап қоюшы онымен келісіп, талабынан бас тартқан.
Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды және төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Тірлікте ұрыс-керіс, дау-дамай болмай тұрмайды, бірақ орын алған келеңсіздікті одан әрі ушықтырып, сотқа жүгінбей-ақ адамгершілік тұрғысында өзара түсінісу жолымен шешуге де болады.
Бүгінде көпшілікке «медиация» атауымен таныс бұл әдістің, іс-әрекеттің арғы тіні қазақтың билер қазылығында, шешендер сөз саптауында жатқан секілді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
10 наурыз 2022 ж. 447 0