№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАРАПТАР МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ТАТУЛАСТЫ

ТАРАПТАР МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ТАТУЛАСТЫ


Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы А. жауапкер Т-дан қарыз ақша өндіру сұраған талап қою арызымен жүгінген.

Талап қоюшыдан жауапкер 24.01.2019 жылы келесі айдың 25-не дейін қайтаруға міндеттеніп, 430000 теңге ақшасын қарызға алып, алған ақшасын белгіленген мерзімде қайтармаған.
Істі қарау барысында сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары, оның тиімді тұстары түсіндірілген.
Нәтижесінде тараптар кәсіби медиатордың көмегіне жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынды.
Оған сәйкес жауапкер талап қоюшымен татуласып, 2022 жылдың желтоқсан айына дейін қарыз сомасын ай сайын 71500 теңгеден төлеуге міндеттенген. Өз кезегінде талап қоюшы жауапкердің қабылдаған міндеттемесімен келісіп, талап қоюынан бас тартқан.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында жасалған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.

Бұл медиация рәсімінің тараптардың арасындағы дауларды екі жаққа да қолайлы шешудегі тиімді тетік екенін көрсетеді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
09 қараша 2021 ж. 312 0