1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ АЙТУ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА
Мезгілдің көріктісі көктем келісімен мерекелер басталады.
Көктемгі жылы леп, көтеріңкі көңіл-күй, ерекше қуаныш сыйлайды.
Осы мезгілде адамның жан дүниесі бір ерекшелікке, өзгешелікке құмар болатыны анық. Бір-біріне қуаныш сыйлап мереке күніне алғысын, ризашылығын білдіреді.
Елбасының Жарлығымен көктемнің алғашқы күнінде атап өту бекітілген 1-наурыз «Алғыс айту күні» елімізде алғаш рет 2016 жылы 1-наурызда аталып өтілді.
Оның негізгі мақсаты елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуы, бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні болып табылады.
Осы тұста Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастырумен 1-наурыз "Алғыс айту" күні мерекесі қарсаңында «Алғысым шексіз халқыма» атты мерекелік құттықтау шарасы өткізілді.
Аталған шараға аудандық соттың төрағасы Ә.Түбекбаева мен судья И.Тұңғышбаев пен сот қызметкерлері бүгінгідей айтулы күні ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға деп 40 жыл ұстаздық еткен, қазіргі таңда бейнеттің зейнетін көріп отырған үлгілі жан Тілеубаева Фатима апайдың және медицина саласында 37 жыл еңбек етіп мейірімділік пен ізгіліктің жаршысы болған Ельпанова Әсемкүл апайдың шаңырағында болып және «Бітім» медиация орталығы қоғамдық бірлестігінің Жаңақорған ауданындағы үйлестірушісі кәсіби медиаторы және аудандық «Билер кеңесінің» мүшесі А.Баймұратовты "Алғыс айту" күні мерекесімен құттықтап, алғыстарын айтып ұжым атынан сыйлықтар табыс етті.
Өз кезегінде бүгінгі күннің кейіпкерлері Ф.Тілеубаева, Ә.Ельпанова мен А.Баймұратов аудандық сот ұжымына айтулы мерекеде Отанға адал, елге қайырымды, еңселері биік, мерейлерінің үстем болуын тілеп, баталарын берді.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.
Отанымыздың өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір сүруіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы жандарымыздың арқасы деп есептейміз.
Айтулы сәттің кейіпкерлеріне қысқаша тоқталар болсақ:
Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Осы орайда 40 жыл ұстаздық етіп, шәкірт тәрбилеген апайымыз Фатима Қасенқызы Тілеубаева. Ол 1934 жылы дүниеге келген. Өмірін қызығы мен шығы мол мамандыққа арнаған ұстаз осы салада ұстаздықтан бастап, кенттегі №169, №51 орта мектепте директорлық қызмет атқарған.
Сондай-ақ, ол ұядарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немере сүйіп отырған аяулы ана, ардақты әже.
Келесі кезекте. Медицина салысында өмірінің жартысынан астам қызмет етіп, адамның жаны мен тәнін емдеуге бар ғұмырын арнаған сала ардагері Асемкуль Билаловна Ельпанова. Ол 1954 жылы дүниеге келген және Жаңақорған аудандық емханасында 37 жыл аға медбике қызметтерін атқарып зейнеткерлікке шыққан.Отбасында асыл жар, ардақты ана аяулы әже. 1 ұл 2 қыз 6 немере тәрбилеп отыр.
Келесі кезекте Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының дамуына, қоғамдағы дауласушылықтың деңгейін төмендетіп, тараптардың дауды бейбіт жолмен реттеп, татуластыру рәсімдерінің кеңінен қолдануына ат салысып жүрген Анарбек Сағынбайұлы Баймұратов. Ол 1955 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде суретші болып бастап, осы мекемеде директор қызметке дейін атқарып зейнетке шыққан.
Қазіргі таңда «Бітім» медиация орталығы қоғамдық бірлестігінің Жаңақорған ауданындағы үйлестірушісі, кәсіби медиаторы және «Билер кеңесінің» мүшесі.
Аудан көлемінде араздасқан жандардың өткір мәселесін шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей шешімін тауып, қос тараптың келісімге келуіне өз септігін тигізуде.
Сонымен қатар, ол отбасында 2 ұл, 1 қыз, 7 немере сүйіп отырған асқар тау әке, ардақты ата.
Осы ретте баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі. Тарих тағылымы шынайы патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетеді.
Әрқайсымыздың жүрегімізде ортақ жетістігімізге – өркендеп келе жатқан елімізге деген мақтаныш пен ризашылық сезімі ұялай берсін!
Әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілейміз!
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.