№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алғыс айту күнінде медиаторлар құрметке бөленді

Алғыс айту күнінде медиаторлар құрметке бөленді

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының бастамасымен ашылған Татуласу орталығында 1 наурыз Алғыс айту күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Шараға аудандық соттың төрағасы А.Тубекбаева, судья И.Тунгышбаев, кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева, кәсіби медиаторлар қатысты.
Мерекелік шараны алғысөзбен ашқан аудандық соттың төрағасы А.Тубекбаева кәсіби медиаторлар О.Өскенбаева, О.Жамалханов, А.Баймуратов, А.Жәнібеков, Б.Алиевке Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» заңының дамуына, қоғамдағы дауласушылықтың деңгейін төмендетіп, тараптардың дауды бейбіт жолмен реттеп, татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдануға қосқан үлестері үшін сот ұжымы атынан Алғыс хат, сыйлықтар табыс етті.
Төраға медиаторлардың дендеріне саулық, отбастарына береке-бірлік, ел игілігі жолындағы қызметеріне табыс тіледі
Елбасының Жарлығымен көктемнің алғашқы күнінде атап өту бекітілген 1-наурыз «Алғыс айту күні» елімізде алғаш рет 2016 жылы 1-наурызда аталып өтті. Оның негізгі мақсаты елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуы, бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні болып табылады.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
02 наурыз 2021 ж. 807 0