Майдангер мәртебе биігінде
Ұлы Жеңіске-75 жыл.
Бүгінгі таңда Жаңақорған ауданы бойынша 1 ғана Ұлы Отан соғысының ардагері бар.
Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Ә. Түбекбаева мен аудандық сот судьясы Э. Рыскулов 1-наурыз "Алғыс айту" күні мерекесі қарсаңында Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылында тұратын ҰОС ардагері Құрбанов Найманбай атамыздың шаңырағында болып, "Алғыс айту" күні мерекесімен құттықтады.
Өз сөзінде төраға Ә. Түбекбаева "Алғыс айту" көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мереке, қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсетуі, Қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі екенін айта келе, Найманбай атаға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеп, кейінгі өскелең ұрпаққа бейбіт өмір сыйлағаны үшін алғысын білдірді.
Сонымен бірге Найманбай ата аудандық сот ұжымына айтулы мерекеде Отанға адал, елге қайырымды, еңселері биік, мерейлерінің үстем болуын тілеп, батасын берді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі