№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жұмыс жоқ па, әлде құлық жоқ па?

Жұмыс жоқ па, әлде құлық жоқ па?

Жалпы жұмыс жоқ деп екі қолға бір күрек таппай жүру әсіресе азаматтарға үлкен сын. Ерте көктемнен бастап жоқ дегенде маусымдық жұмыстарға жұмысшы іздеп жүретіндер көп. Жалақысы да мардымды, оның ішінде құрылысқа, егін, мал және басқа да шаруаға қажетті қосымша жұмыс күші керек деп сабылатындар аз емес. Бірақ, биылдан бастап қоғамдық жұмыстың жалақысы өсті дегенді естіген көпшілік осы оңай олжаға құнығып алғандай ма дерсің. Қалай десек те, жұмыссыздық мәселесін шешу Үкімет алдындағы үлкен міндет. Осыған байланысты биыл қандай жоспар бар, қанша адам жұмыспен қамтылуы тиіс, осы сауалдарға жауап іздедік.
Жасыратыны жоқ, кейбір тұрғындар оң жамбасына келетін жұмысқа да барғысы келмейді. Оны жәрмеңкеде байқаймыз. Ол аздай қорадаға екіүш бас түлігін тігіп, грант алып, басқа бағытқа жұмсайтындар да жоқ емес. Нақты атқарылатын жұмыстың жобасын жүйелеу үшін аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысымен байланыстық. Қазір «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл бойынша биыл атқарылатын шаруа аз емесін білдік. 2022 жылы 2129 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 10 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізу жоспарлануда.
– Бірінші бағыт. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға ағымдағы жылға жұмыс берушілердің өтіміне сәйкес облыстық бюджеттен 70 маманға қаржы бөлінді. Екінші бағыт – жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Бұл бойынша биыл ауданымыздан «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 500 адам жолдау жоспарда бар. «Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін мемлекеттік грантқа ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 526 адамға қаржы қаралды, – деді мекеме директоры Жаңабек Тұрлыбеков. – Ал, үшінші бағыт – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын арттыру. Бұл бағыт үш тараудан тұрады. Бірінші, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жыл басынан бері республикалық бюджеттен 100 адам қамтылуы тиіс. Екінші, жастар практикасын ұйымдастыру, яғни, 224 жас республикалық бюджеттен болса, 30 маман облыстан қаралыпты. Сондайақ, қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру тарауы бар. Бұл аудандық бюджеттен шешілетін шаруа, 242 адам қоғамдық жұмыспен қамтылуы тиіс. Ұрпақтар сабақтастығын ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 5 адамға қаржы қаралып отыр. Аудан әкімдігінің 2021 жлғы 6 желтоқсандағы 2022 жылға мегедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №528 қаулысына сәйкес, 63 мекемеге 167 мүмкіндігі шектеулі тұрғынды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, – деді Ж.Тұрлыбеков.
бірнеше күн бұрын халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 7 жұмыс берушіден барлығы 57 бос жұмыс орны ұсынылды. Оның басым көбі маусымдық жұмыстар. Жалақылары орташа, дегенмен қол қусырып отырғанға бұл үлкен демеу болатыны анық. Мәселен, үш бірдей азамат «Жібек Жолы» ЖШС жұмысшы қызметіне орналасса, тағы төрт тұрғын Орман және жануарларды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне қабылданды. Ал, «НефттрансКызылорда» ЖШС ауыр жүк тасымалдау көлігіне жүргізуші болып орналасты. – Жұмыстың жеңілі жоқ, дегенмен тіршілік болған соң нәпақа тауып, тынбай еңбек ету керекпіз. Отбасын асырау ер-азаматтың міндеті, сондықтан қандай жұмыс болса да баруға әзірміз. Бірақ, жалақы мәселесі кейде еңсемізді түсіретіні бар. Бірақ, біреуге алақан жайғаннан маңдай термен келген табыс берекелі болады, – деді Жалғасбек есімді жігіт. Жөн айтады, қазір ата-анасына масыл, отбасын асырауға құлықсыз тіпті, алимент төлемейтін әкелер тым көбейді. Ажырасу оңай, бірақ баланың болашағын ойлайтын әке мен шеше аз. Көбінің айтатыны әлеуметтік жағдайдың жоқтығы. Мәселе онда да емес, тек ауыртпалықты көтере алмайтындар көп. Ал, жұмыс жасаймын деген адамға кез келген ортада қызмет табылады...
27 наурыз 2022 ж. 385 0