Жұмыссыздықты қысқартуда жаңа тәлім-амалдар қажет
Жаңақорған ауданының басшысы Руслан Рүстемовтің төрағалығымен өткен аудан әкімі аппаратының мәжілісінде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Жарас Мырзалиевтен жұмыстық деңгейін азайту бағытындағы жұмыстар сұралды.
Бөлім басшысынак фунцианалдық жұмыс сапасын арттыруды талап еткен Руслан Рүстемұлы:
– 2021 жылдың бірінші тоқсанында жұмысын тоқтатқан 309 кәсіпкерлік субьектісінде қанша адам жұмыссыз қалды немесе жаңадан ашылған 147 кәсіпкер қанша адамды жұмыспен қамтыды? Бұл көрсеткіштер бойынша сіз қандай жұмыс істедіңіз? Мырзалиев жолдас, бұл жұмыстар тікелей міндетіңізге кіретінін білесіз бе? Білмесеңіз, тарқатып айтып берейін:
1) ауданда жұмыссыздық деңгейін түсіру және кедейшілік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) халықты жұмыспен қамтудың бағдарламаларын жасау;
3) еңбек нарығындағы жағдайды, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынымын болжамдау;
4) халықтың әлеуметтік аз қорғалған санаттары үшін қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал жасауыңыз керек.
Жұмыс орындарын құру үшін кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа орна¬ласуына ықпал етіп, қажет болса, кәсіп¬керге өтініш айтып, жұмысқа жолдауыңыз керек, – деді.
Уақыт талабы жұмысқа жаңаша қарауды талап етіп отыр. Әкім осының мән-жайын түсіндіріп:
– Басқа жұмысты былай қойғанда, жұмыс беруші кәсіпкерлермен қарым-қатынас жолға қойылмаған. Оны байқайтыным, әлеуметтік желіде жұмысшы іздеген хабарландыруларға көз сүрінеді. Бірақ ол хабарландырулар бойынша не бөлім, не орталық мамандары кері байланыс орнатқанын көрген емеспін. Кәсіп¬кер шырылдап жұмысшы таппай жатады, ал, сіздердегі тіркелген жұмыссыздардың саны қысқармай тұр. Тіркеуде тұрған контингент ішінен кәсіпкер сұраған жұмысшы мамандыққа азаматтар неге жолданбайды?! Оған бас¬тарыңыз ауырмайды да. Өйткені бюджеттен бөлінген қоғамдық жұмыс пен жастар практикасының қаржысына иек артып отырып алғансыздар. Егер жұмыс сұраушыға жағдай дұрыс түсіндірілсе қоғамдық жұмыстың (42500 теңге) жалақысынан 2 есе көп жұмысқа баруға ынтасы артар еді, – деді.