Қоғамдық жұмыстағылардың міндеті не?
Президенттің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбек ақысы өседі. Бұған кейбір облыстар мән беріп, жүзеге асыруда. Мәселен, Түркістан қаласында қоғамдық жұмыс қызметкерлері 63000 теңге еңбекақы алатын болады. Бұл туралы сәл кейінірек. Алдымен қоғамдық жұмыстағылардың міндеті не? Олар немен айналысуы тиіс? Осы сауалдарға жауап іздеп көрейік.
– Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытта болады. Оған жұмыссыздар, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта және бос тұрып қалуға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатыса алады, – дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жаңабек Тұрлыбеков.
Соңғы жылдары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3 бағыты бойынша маусымдық жұмыс істеуге ниеттілер қатары артты. Мәселен, биыл орталық арқылы 375 тұрғынды қоғамдық жұмысқа тарту керек болса, қазір олардың саны 600-ден асты.
– Биыл қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 270 млн теңге қаржы қаралды. Жыл басынан бері жұмысқа 815 адам орналастырылса, олардың басым бөлігі қоғамдық жұмысқа тартылды. Жалпы биылғы жылы 2087 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланды. Әзірге 40 проценті орындалды, ал, тұрақтысы 10 процентті құрайды. Жыл соңына дейін межені орындауға мүмкіндік бар, – деді жауапты маман Бейбіт Балабеков.
Таразыласақ, қоғамдық жұмысқа тартылғандардың дені нәзік жандылар. Мәселен, кентте қоғамдық негізде жұмыс істейтін 96 адам болса, соның басым бөлігін әйелдер құрайды. Олардың біршамасы алты айлық келісім-шарт бойынша әлеуметтік пайдалы бағытта жұмыс істейді. Әсіресе біз білетін Алтынсарин аумағындағы қыз-келіншектер жыл сайын осы жұмысқа тартылады. Оларға осы уақытқа дейін тұрақты жұмыс неге табылмады деген сауал санаға салмақ салады.
– Қоғамдық ақылы жұмыста жүргеніме жиырма жылдан асты. Таңғы сағат 7.00-де жұмысқа кірісеміз. Ыстыққа да, суыққа да, жауынға да қарамаймыз. Көше сыпырып, қоқыстарды тазалап жүрген қоғамдық жұмысқа тартылған қызметкердің кент тазалығына қосатын еңбегі ерен. Одан бөлек, ирригациялық жұмысты да жүргіземіз. Бізге қай жерде қоқыс бары ап-айқын. Жұмысқа бір күн шықпай қалсақ, кент күл-қоқыс басады. Рас қой, халықтың тазалық мәдениеті тым төмен. Бос ыдыстарды көзімізше лақтырып кететіндер көп. «Сіздер тазалау үшін айлық аласыздар ғой!» деген ойды ұстанатын жастар да аз емес. Ал, мұндай жерде тазалықтың сақталуы мүмкін емес. Тұрғындар үйін қалай таза ұстаса, кентке де сондай көзқараспен қарауы тиіс, – деген еді Дүйсенкүл Жүнісова біраз бұрын берген сұхбатында
Шынында, бізде тазалыққа ұқыпты қарау төмен. Көше бойында шашылған пакет, пластик ыдыстарға көз сүрінеді. Осы орайда бір мәлімет келтіре кетейік, қазір қағаз қабылдайтын да, шыны ыдыстар мен темір-терсек қабылдайтын орындар жеткілікті. Даланы ластағанша сол кәсіп иелерін өткізсеңіз, сәл болса да тиын-тебеніңіз өзіңізге қалар еді, әрі көшені ластамаймыз. Біздікі жай ақпар, қалғанын өзіңіз білерсіз.
Жалпы қоғамдық жұмысқа тартылғандардың жалақысы өзге өңірлерде бізден көбірек. Мәселен, Шымкент шаһарында олардың жалақысы – 25 айлық есептік көрсеткіш (72 мың теңге) көлемінде. Дәл осындай жалақы мөлшері көрші Түркістан облысында да қарастырылған.
Енді ауылдық округтердің тыныс-тіршілігін бағдарлап көрейік. Бесарықта 3,5 мыңға жуық тұрғын бар. Ауыл әкімі Әлібек Абдуллаевтың айтуынша 10 адамды наурыз айынан бастап тал қырқу, тазалықты сақтауға тартқан екен.
Атқамінерлер елдің жайын білуге барғанда бірінші кезекте жұмыссыздық мәселесін көтеретін Шалқия кентінің тұрғындарының ахуалы қалай? Бұл жөнінде кент әкімі Әбдімәулен Сабырханов тарқатты.
– Құттықожа мен Шалқия кентінен барлығы 17 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Олардың міндеті тазалық, көркейту-көгалдандыру, аббаттандыру жұмысы. Қосымша тағы жұмыскүші қажет, сұраныс тастаған едік. Бізде мал шаруасы болмаса, егін-жайдың көлемі аз екені белгілі. Сондықтан тұрғындар тек тазалық жұмысын жасайды, – деді әкім.
Енді Сыр беткейге ойыссақ, Қожакент, Аққорғанда да ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған адамдар жетерлік. Олардың да атқарар қызметі түсінікті...
Айта кететіні, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедек жандар жұмысқа жарамды анықтамалары арқылы жұмысқа орналаса алады. І, ІІ топтағы мүгедек жандарға толық емес жұмыс уақыты белгіленген, яғни 8 сағат емес 6-сағат жұмыс істеуге құқылы. Бір сөзбен айтқанда, ақылы қоғамдық жұмыстар азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады. Аталған жұмыс алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейді және қатысу мерзімі 12 айдан аспайды.
Біздің түсінгеніміз, қоғамдық жұмысқа тартылғандардың дені орта буын болса, олардың атқаратын негізгі қызметі – тазалық, көркейту-көгалдандыру және аббаттандыру. Кейбір мекемелер комьютер теру, қағаз тасу жұмысына бейімдейді. Міне, бүгінгі ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар осындай міндеттерді атқарып жүр.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ