№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Аудан прокуратураның бастамасымен, аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйытқы болуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жыл басынан бері бесінші рет ұйымдастырылған жәрмеңкесінде жаңақорғандықтар жұмыс тапты ма? Жұмысқа қабылдану үшін қандай құжат керек? Біз осыны анықтаған болатынбыз.

Екі айға созылған төтенше жағ­дай аяқталып, карантиндік режим жеңілдетілді. Қазір нағыз маусымдық жұмыстардың қызған шағы. Әсіресе құрылыс саласына басымдық бері­луде. «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол кар­тасы» аясында жұмыс жасайтын мердігер мекемелер құрылысқа жергілікті тұрғындарды қамтуды көздейді. Ұсынылған жұмыс орын­дарындағы ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден кем емес. Әрине еңбек ететін азамат үшін аз жалақы емес. Аталған қызметтерге кімдер орналасуға құқылы? Бұл туралы жәрмеңкені ашқан аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев түсін­дірді.
– «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бойынша қабылданатын жұмысшылардың тең жартысы жұмыспен қату мекемесі арқылы қабылданады. Ал бұл жәрмеңкеге кез-келген жұмыссыз азаматтар қаты­суға құқылы. Оның ішінде про­бация есебінде тұрған, алимент бойынша берешектері бар жұмыссыз борышкерлерге басымдық беріледі. Жалпы биылғы жылы 706 жаңа жұмыс орыны ашылады деген жоспар бар. Әсіресе құрылыс саласы, оның ішінде әлеуметтік нысандарға басымдық беріледі. Сондықтан жәрмеңке әлі де жалғасын табады. Тек бүгін ғана емес, келесі күні келіп жұмыс берушілерге жолығуға болады. Оған жауапты жұмыспен қамту мекемесі, – деді жауапты маман.
Барлығы 8 жұмыс беруші 185 бос жұмыс орынын ұсынды. Аудан тұр­ғындары алдымен мердігер компания өкілдерімен сөйлесіп, құжаты және қабілетіне қарай жұмыс берушілерге тіркелді. Бір айта кетерлігі, қызметтің 90 процентке жуығы ер-азаматтарға қатысты. Көлік жүргізу, инженер, бетоншы, сылақшы және тағы басқа. Мәселен, орталық стадионды реконструкциялауды жүргізетін «Сапақ» ЖШС 44 жұмыскерге қызмет беруге дайын.
– Бізге дәнекерлеуші, жұмысшы, бетон құюшы, әрлеуші, сантехник, монтажник қызметкерлері керек. Құрылыс жұмысын жақын арада бастаймыз. Сондай-ақ, «№7 олим­пиадалық резервтегі маман­дан­дырылған балалар мен жас­өспірімдер мектебінің» газ жылы­ту қазандығын қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмысын жасау үшін 11 қызметкер керек. Бұл жұмысқа жауапты «Карамурзаев» дара кәсіпкерлігі. Жұмыс іздеген жандар болса хабарласып келсе болады, – деді участке бастығы Жұмадулла Баязов.
Сонымен қатар «Азрет-жол құры­лыс» және «Жанақорған Жібек жолы» ЖШС-де бос орындарға сала мамандарын іздейді. Олардың қызметтері көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жасау. Қыр­кеңсе ауылдық округіндегі №213 орта мектебін күрделі жөндеу жұ­мыстары және Жаңақорған кен­тіндегі жаттығу және стридбол алаңының құрылысының мердігері «Пульс» ЖШС 20 қызметкер іздейді. №125 орта мектебін күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты «Ернұр-жетіс­тік» ЖШС 15 жұмысшы ізейді. Аудандық маңызы бар «Кеңес-Бесарық су қоймасы» автомабиль жолдарын орташа жөндеу жұмыс­тарын жүргізетін мердігер «ҮМІТ» ЖШС-не де жұмысшы керек.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
30 мамыр 2020 ж. 826 0