№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бизнес оқуға кімдер қатыса алады?

Бизнес оқуға кімдер қатыса алады?

Сыр өңірінде «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталды. Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып, «Atameken Academy» онлайн платформасы арқылы қашықтықтан онлайн-оқыту қарастырылған. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асатын оқытудың ережесі өзгерді ме? Кімдер қатысады? Өтінім қалай қабылданады? Осы жөнінде сала мамандарынан нақты жауап іздедік.

Былтыр аймақ бойынша 3088 адамға 1,3 млрд теңге көлемінде гранттық қаржы берілді. Бұл жоба «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы оқытылады. Қайтарымсыз қаржы алғандардың дені кәсіпке енді бет бұрған тұрғындар, оның ішінде жұмыссыз жастардың қатары көп. Кім қандай кәсіпке икемді, соған орай оқу курсын тәмамдап, «Сертификатын» алады. Бизнес жоспарын қорғағандар қайтарымсыз қаржыға қол жеткізді. Биылғы тегін оқыту курсы 10 маусымнан басталды. Қандай өзгешіліктер бар? Бұл туралы бизнес-тренер Асылжан Жолдасбаев жауап береді.
– Биыл тегін оқыту курсы аясында аудан көлемінде 270 адамды қамтамасыз ету жоспарда бар. Аудан тұрғындары 4 топ бойынша онлайн, яғни қашықтықтан дәріс ала алады. Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Бағдарлама қатысушыларына сертификат беріледі. Сертификат негізінде 6 проценттік жеңілдетілген несие алуға және өзге де мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алады. Алғашқы оқыту тобына 100 тұрғынды қамтуды межелеп отырмыз. Шыны керек оның барлығы бір айға жуық оқымайды, оның да шарттары бар, – деді бизнес-тренер.
Алғашқы лекте оқу мүмкіндігінен кеш қалсаңыздар келесі кезеңге құжат дайындай аласыз. Келесі топтың оқыту уақытысы шілденің 6-на басталады. Ол үшін жоба шеңберінде онлайн-оқыту үшін қатысушылар жұмыспен қамту орталығына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Орталықтар үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді.Үміткер өз бетінше сілтеме бойынша онлайн-өтінімді қалыптастыра алады. Оны да онлайн түрде жүзеге асырады. Арнайы сайтқа кіріп, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және Орталық жолдамасын жүктеуі керек.
– Биыл өзім бір айлық курсты оқып, жобаны қорғап, грантқа қол жеткізген болатынмын. Биыл ұлым оқу мүмкіндігіне ие болды. Шыны керек мемлекет қолдауы менің кәсібімен үлкен мүмкіндік берді. Мүмкіндік болса басқа да бағдарламаларға қатысуға ниеттімін, – деді көпбалалы Айзат апай.
Бастапқыда жастарға 505 000, 29 жастан асқандарға 250 000 грант қарастырылған болатын. Жыл басынан бастап барлық жастағы курс бітірген тұрғындар 530 мың көлеміндегі қаржыға қол жеткізді. Қайтарымсыз қаржы көлемі биыл тағы да өсті. Бұл туралы жұмыспен қамту орталығының маманы Руслан Мұсатаев тарқата айтты.
– Биыл 270 тұрғынды тегін оқыту курсымен қамту көзделсе, жалпы берілетін грант жоспары 700 тұрғынды қамтиды. Оның ішінде 3 айлық курстан өтетін тұрғындар да кіреді. Ол оқу курсы 15 маусымнан басталады. Биылғы грант көлемі тағы да артты. 530 мыңнан 555 600 теңгеге өсті. Сондықтан кәсіппен айналысамын дегендерге биыл да мүмкіндік бар. Ең бастысы оқу курсын тәмамдап, бизнес жоспарды қорғап шығу керек, – деді ол.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты биылғы оқу курстары сәл кешеуілдеді. Дегенмен биыл да ауданға құйылатын инвестиция көлемі кемімейді деп күтілуде. Сондықтан уақыт оздырмай, құжат өткізіп, қайтарымсыз қаржыға қол жеткізіп, кәсібіңізді бастауға асығыңыз.


Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
13 маусым 2020 ж. 684 0