№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бизнесті қалай бастаймыз?

Бизнесті қалай бастаймыз?


«Жұмыс жоқ» деп, қол қусырып отыратын дәурен өтті. Қазір табыс табамын, жұмыс жасаймын деушілерге қолдау көп. Әсіресе, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жеңілдіктер жетеді. Олардың бизнес алаңда еркін жүруіне барлық жағдайды жасалынуда. Олай болса, мүмкіндікті құр жіберіп алмаудың қам-қарекетіне қазірден кіріскеніңіз жөн. Біз бүгін бизнес бастаудың бағыт-бағдарын сала мамандарымен бағдарлайтын боламыз. Кәсіпкерлікті неден бастау керек? Бизнесті дамытудың басты тетігі қайсы? Осы сауалдар төңірегінде ізденіп көрдік.


Өздеріңізге белгілі, бастапқыда жас­тарға 505 000 теңге, ал 29 жастан асқандарға 250 000 грант қарастырылған болатын. Биылдан бастап, қайтарымсыз қаржы көлемі тағы да өсті. Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту орталығының жауапты мамандарынан білдік.
– «Биыл жалпы берілетін грант жоспары 600 тұрғынды қамтиды. Бұл жолы 583 400 теңге болып бекітілді. Оның ішінде 3 айлық курстан өтетін тұрғындар да кіреді. Ол оқу курсы ақпан айында басталады. Сондықтан кәсіппен айналысамын дегендерге биыл да мүмкіндік бар. Ең бастысы оқу курсын тәмамдап, бизнес жоспарды қорғап шығу керек. «Сертификат» үш жылға ғана жарамды. Қарапайым халыққа айтарым, мейлінше бастағалы отырған жобаңыздың қолжетімділігін, дамыту тетіктерін жан-жақты зерттеп, керегінше ақпарат жинап, өзге де кәсіпкерлердің тәжірибесіне көз жүгір­тіңіз. Сіздің ашқалы отырған кәсібіңіз, нарықта қажеттілігі қажеттілігі қан­шалықты деңгейде. Егер өз-өзіңізге сенімді болсаңыз, аз ақшамен де кәсіпті дөңгелетіп кетуге болады», дейді орталық директоры Жаңабек Тұрлыбеков.
Қайтарымсыз қаржы алу үшін қандай құжат тапсыру керек? Бұл сұраққа орталықтың маманы Руслан Мұсатаев тарқата айтты:
– Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер бірінші тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға өтініш жазады. Жеке басын куәландыратын құжат, ал оралмандар үшін – оралман куәлігі жарамды. Әзірленген бастапқы бизнес-жоспар, кәсіпкердің бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі мен тұратын тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мекен-жай анықамасы қажет.
Ел арасында қайтарымсыз гранттың мақсатсыз пайдаланатыны жөнінде әңгіме көп. Бұл сұраққа комиссия төрағасы Қуандық Қарақожаев былай жауап берді:
«Өте орынды, бізде қайтарымсыз қаржыны басқа мақсатта жұмсай салатындар аз емес. Біз оларға бағдарламаның нақты талабы мен жауапкершілігін егжей-тегжейлі түсін­діреміз. Тағы да нақтылай кетейін, кәсіпке қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады. Есіңізде болсын, басқа тұтынушылық мақ­саттарға, несие қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді. Бағдарламаға қатысушы грантты алған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркеу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы растайды. Бұл тұрғыда кәсіпкерлер палатасы шарт жасасқан күннен бастап он екі ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Нәтижесінде грант иегері қаражаттары басқа бағытта жұмсалғаны анықталса, бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі грант қаражаттарын бюджетке қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарады».
Қайтарымсыз қаржыны алуға ниетті адамдардың саны жыл сайын артып келеді. Осы ретте, айта кететіні грантқа қолжеткізу үшін адам жағалап, алаяқтардың құрбаны болуы да мүмкін ғой! Бұл жөнінде жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Әбілхайыр Бегманов:
– Халық арасында түрлі жағдай болады. Қарапайым тұрғындар тікелей біздің орталыққа келіп жөн сұраудың орнына араға адам салып жатады. Осы тұста көпшілікке түсіндіре кетейін, бұл қайтарымсыз гранттың мүмкіндігі жоғары. Кез келген адам келіп, бізден ақыл-кеңес сұраса болады. Біз жөн сөрсетіп, кеңес беруге әрдайым дайынбыз, – деп жауап берді.
Міне, осылай жауапты мамандар нақты талап пен межені түсіндірді. Мемлекет енді кәсібін бастауға ынталы азаматтарға көмек беруге әзір. Тек оны мақсатты пайдалана алсақ болғаны...

Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ
10 ақпан 2021 ж. 1 125 0