№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпте қолдау көп

Кәсіпте қолдау көп

«Жұмыс жоқ» деп, қол қусырып отыратын уақыт өтті. Жұмыс істеймін, ақша табамын деушілерге қолдау көп. Мемлекет жеке кәсіпкерлердің жолын ашуда барлық  жағдайды істеуде. Олай болса, кәсіпті бастап, табысты қалай арттыруға болады? Кәсіпкерлікті дамытудың басты тетігі қандай? Міне, осы сұрақтар төңірегінде ізденіп көрдік.
Биыл, яғни 2021 жылы ауданда қайтарымсыз қаржы көлемі 583 400 теңге болып бектілді. Бұл туралы жұмыспен қамту орталығының маманы Руслан Мұсатаев тарқата айтты.
– Наурыз айында 115 адам қайтарымсыз гранқа ие болды. Енді сәуір айында 60 адамға береміз деп жоспарлап отырмыз. Биыл жалпы берілетін грант жоспары 600 адамды қамтиды. Сондықтан кәсіппен бастауға ниеттілерге мүмкіндік мол. Ең бастысы, оқу курсын тәмамдап, бұл көпбалалы отбасы мүшесіне міндетті емес бизнес жоспарды қорғап шығу керек. Жоба қорғаушылар бастайтын кәсіп түрін жан-жақты зерттеп, керегінше ақпарат жинап,  өзге де кәсіпкерлердің тәжірибесін көргені дұрыс. Сіздің ашқалы отырған кәсібіңіз, нарықта қажеттілігі қаншалықты деңгейде. Егер өз-өзіңізге сенімді болсаңыз, аз ақшамен де кәсіпті дөңгелетіп кетуге болады, – деді маман.
Қайтарымсыз грантқа қол жеткізуде қиындықтар жоқ. Комиссияға креативті жоба ұсынып, оның маңызын  жан-жақты дәлелдеп берсе болғаны. Бұл жөнінде  қайтарымсыз мемлекеттік гранттарын комиссия төрағасы Қуандық Қарақожаев пікірін білдірді:
– Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдауға тиіспіз. Қолынан іс келеді, бірақ қаражаттың жетіспеуінен қолбайлау болып тұрған кәсіпті дөңгелетуге әбден болады. Сосын отбасылық кәсіп істеп отырған азаматтарды қаржылай қолдап, кәсіпкерлігін заңдастыруға бағыт береміз.
14 сәуір 2021 ж. 595 0