№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Инновациялық жоба – заман талабы

Инновациялық жоба – заман талабы


Жеке кәсіпкерлік – бүгінгі күннің талабы. Мемлекет кәсіп ашып, ырзық-несібесін өзі қомдауға ниеттілерді қашанда қолдап келеді. Оны күнделікті көзімізбен көріп те, естіп те жүрміз. Біздің ауданымызда да жеке кәсібін ашып, өз ісін дөңгелетіп отырған жандар жетерлік. Басым бөлігі мемлекет тарапынан қаржылай қолдау алса, бірқатары барымен базар жұмысын дөңгелетіп келеді. Шағын өндіріс пен құрылысты жолға қоюдың едәуір тиімді екеніне көпшіліктің көзі жетті. Жөн-ақ. Бірақ, мемлекеттік грантты жеңіп алып, кәсіп бастауға ниеттілердің басым көпшілігі егін мен мал шаруашылығынан ары аса алмай, үйреншікті кәсіпке иелік етуде. Неге, жаңа кәсіп ашып, инновациялық жобаларды қолға алып, табысты арттырмасқа? Кәсіпкерлікті дамытудың басты тетігі қандай? Міне, осы сұрақтар төңірегінде ізденіп көрдік.

Биыл, яғни 2021 жылы ауданда қайтарымсыз қаржы көлемі 583 400 теңге болып бектілді. Бұл туралы жұмыспен қамту орталығының маманы Руслан Мұсатаев тарқата айтты.
– Биылғы жылы 557 адам қайтарым­сыз гранқа ие болды. Енді жыл соңына дейін 73 адамға береміз деп жоспарлап отырмыз. Биыл жалпы берілетін грант жоспары 600 – ден аса адамды қамтиды. Сондықтан кәсібін бастауға ниеттілерге мүмкіндік мол. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 500 адам оқуын тәмәмдады. Ең бастысы, оқу курсын тәмамдап, көпбалалы отбасы мүшесіне міндетті емес бизнес жоспарды қорғап шығу керек. Жоба қорғаушылар бастайтын кәсіп түрін жан-жақты зерттеп, керегінше ақпарат жинап, өзге де кәсіпкерлердің тәжірибесін көргені дұрыс. Сіздің ашқалы отырған кәсібіңіз нарықта қажеттілігі қаншалықты деңгейде. Егер өз-өзіңізге сенімді болсаңыз, аз ақшамен де кәсіпті дөңгелетіп әкетуге болады, – дейді маман.
Расында, кез келген ақпарат құралында «инновациялық жоба» дегенді естіп қаламыз. Бұл сөздердің жиі айтылатыны сондай, құлағымыз үйреніп кеткен. Дегенмен осы терминнің түп мәніне үңіліп қана қоймай шынайы қолға алсаңыз, жаңа іс бастап, қолданысқа енгізгіңіз келсе, бірақ істі неден бастап, қайда барып, қандай әрекет жасауыңыз керек екендігін білмей жүрсеңіз, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған ауданы филиалының директоры Асылжан Жолдасбеков инновациялық жобалар жайында мағлұмат беруге әзір.
– Біз «Бастау-Бизнес» жобасы бой­ынша бизнесті бастау және кеңейту, іскерлік серіктестік құру және стра­тегиялық бастамалардың маңызы туралы жан-жақты түсіндіріп, жастарға креативті жобаларды ұсынамыз. Бірақ көпшілік бір-екі малға қанағат қылудан әрі асар емес.
Инновациялық грант дегеніміз – экономиканың басым секторларында, яғни өнім өндіру мен қызмет көрсету салаларында шағын қалалар, моноқалалар және де ауылдық елді мекендерде өзінің кәсібін ашқысы келетіндерге мол мүмкіндік береді. Яғни, талапкер өзінің тұрғылықты жерінде жоқ кәсіп түрін ашуы қажет.
«Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инновациялық жобаларға арналған гранттарға шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаушы кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және 50 жастан асқан адамдар қатыса алады. Жобаға қатысушы үміткер мынадай құжаттарды жинақтауы қажет: заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, кәсіпкердің ағымдағы шотында грантқа қатысу барысында ұсынып отырған жоба құнының 10 пайызы көлемінде қаржысы бар екендігін дәлелдейтін банктен алынған анықтама, өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама, бизнес-жоспары және «Бизнес кеңесші немесе бастау бизнес» оқу курсынан өткендігін дәлелдейтін сертификаттың көшірмесі, өтініш берілген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама, сонымен қатар мемлекеттік грант беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім, міне осы құжаттар конкурстық комиссияға ұсынады, – дейді сала басшысы.
Бұл жөнінде аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаевтан сұрап білген едік.
– Ауданда кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер өте көп. Осыған орай «жаппай кәсіпкелікті дамыту» аясында іске асырылатын жаңа жобаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту, салықтық базаны көбейту және басқа да кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жұмыс жасап жатырмыз. Ең бастысы, халықтың кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау басты бағытымыз. Инновациялық бағытта полистерон бетон шығаруды қолға алған Сәкен Сыздықов деген азаматымыз, Ресей елінен құрал-жабдықтары әкелді. Осы азаматты қолдап, «Қарапайым заттар» эконормикасы бағдарламасы бойынша 2 деңгейлі банкке құжаттарын өткізіп, жағдай жасап жатырмыз. Одан кейін, ауласында жылыжай өсіретін Шолпан Сүлейменова деген кәсіпкердің бала-шағасы кәде сыйлар дайындап келген кәсібін кеңейтіп дәретхана қағазын шығаруды қолға алып, өңірлік инвестициялық орталыққа құжаттарын тапсырып, 7 млн теңге қаржы алды. Қазіргі уақытта керекті құрал-саймандарын орнатып, жұмыс жасап жатыр. Бұл аудандағы ең үлкен жаңалық деп есептеймін. Ал, 29 жасқа дейінгілерге тиесілі қайтарымсыз грант – 5 млн теңгені Қыраш ауылдық округінен Рақымжан есімді азамат алды. Ол комбикорм шығаратын цех ашуға жұмыс жасап жатыр. Сейдахмет Сарбасов деген азамат мебель цехын ашып, цифрландыру жүйесін қолға алды. Бұрын-соңды бұндай өзгеріс біздің ауданымызда болмаған. Одан бөлек, Жайылма ауылдық округінде Мұхтар есімді азамат ірі қара, уағ малдарға жем шығаратын цех ашып, жұмысын жүйелендірді, – деді Қаржыбек Тәжібайұлы.
Қазір әлем қарқынды дамып келеді. Соңы ескеруіміз тиіс. Біз әлемдік өркениет көшінен қалмауымыз үшін цифрландыру, IT, ауылшаруашылығы саласында био-технология енгізу, жекеменшік меди¬циналық пунктер, білім орталықтары және т.б дамытуға мән беретін кез келді. Бизнесті осы бағытта өркендетудің артықшылығын түсінуіміз керек-ақ. Жастардың түрлі идеясы бар, ойы өте ұшқыр, олар қазіргі заманауи технологяларды меңгереді, ойларында түрлі бизнес-идеялары да жетерлік, соны қалай жүзеге асыруға болады, қалай қаржыландыру керек немесе соны іске асырудың жолын біле беремейтін секілді.
Байқағандарыңыздай, мемлекет кәсіп ашам деушілерге осындай ұтымды мүмкіндіктер беріп отыр. Ендігі жерде белгілі бір кәсіпке икемді немесе бизнес жоспары бар жастар осындай қолдаудың шарапатын сезініп, жұмыссыздардың санын азайтып, өзіндік жұмыстың өзгенін жандандыруы қажет-ақ.

Әсел РЗАЕВА
19 қазан 2021 ж. 2 127 0