Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Білімділер бәсекесінде бәсіміз биік

Білімділер бәсекесінде бәсіміз биік

Білімді жастар қашан­да елдің ертеңіне баланады. Осы орайда жаңа­қорған­дық талап­керлердің ҰБТ қорытын­дысы бойынша нәтижесі жоғарылады. 2020-2021 оқу жылында мектептен 829 түлек түлесе, оның 79 пайызы ҰБТ-ға қатысып, орташа 84,5 балл жинады. Бұл көрсеткіш бойынша біздің аудан Сыр өңіріндегі аудандар арасында бірінші орыннан көрінді. Әрине, бүгінде ҰБТ қорытындысы сараланып, білім мекемелерге баға берілмейді. Дегенмен, жаңақорғандық жастар­дың жақсы нәтиже көр­сет­кеніне қуанып қал­дық. Сондай-ақ талапкерлердің мемле­кеттік грантқа түсу нәти­жесі бойынша да көш ілгеріміз. Мысалы, 829 бітірушінің 607-і ЖОО-ға түссе, оның 431-і грант, 7-і облыс әкімінің гранты, 10-ы ректор грантына ие болды. Колледжге оқуға түскені – 195 (91 грант). 2021 жылы орналасу көрсеткіші (829 түлектің 828-і) 99,9 пайызды көрсетті. Мұның бәрі білім саласында жүйелі жұмыс жүріп жатқанын, әсіресе, ұстаздардың біліктілігін арттыру және материалдық-техникалық базаның жақсаруы өз әсерін тигізгенін көрсетеді.
02 қаңтар 2022 ж. 456 0