№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білім – адами капиталдың негізі

Білім – адами капиталдың негізі



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында сапалы білім берудің маңызына тоқталып, ұстаз мәртебесін арттыруда «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасын ұсынды. Мемлекеттік деңгейдегі қамқорлықтың нәтижесінде білім беру саласы уақыт талабына сай қалыптасып, даму жолын сараланып, жүйелі жұмыс жүруде. Оған біздің аудандағы жұмыстар да дәлел бола алады.
Өздеріңіз білетіндей, аудан бойынша 42 мектеп (36 орта, 6 негізгі) болса, онда 2666 педагог 18578 оқушыға сапалы білім беру жолында ізденісін ұштап келеді. Аудандағы типтік жобадағы 41 мектеп заманауи талап-міндеттерге сай білім береді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан мектеп құрылысын сараласақ, 1992-1995 жылдар аралығында 5 білім ордасы, 2001-2010 жылдар аралығында 7 мектеп, 2011-2019 жылдар аралығында ауданда 19 мектеп жаңадан пайдалануға берілді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін бала туу деңгейінен бағамдауға болады. Соның есебінен жыл өткен сайын оқушы саны артып келеді. Мәселен, 2020-2021 кенттегі оқушы саны – 8351-ге жетті (өткен жылы – 8064).
Аудан, облыс басшыларының қолдауы нәтижесінде білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға басымдық беріп, бірқатар нәтижеге жеткіздік. Нақты дәйекпен келтірсек, 2021 жылы №224, №51, №160, №255, №168, №163 мектепке 600 парта, 50 тақта алынса, №110 мектепке бейнебақылау камерасына қол жеткізілді. Мектептердің жаңа модификацияланған пән кабинетпен қамтамасыз етуге басымдық беріп, 2020 жылы 32 пән кабинетіне (физика – 10, химия – 9, биология – 13) қажетті жабдықтар алынса, 2021 жылы 7 пән кабинеті (химия, биология, физика) жасақталды.
Бүгінде барлық мектепке робототехника кабинеті алынып, Сыр өңіріндегі аудандар арасында бірінші болып робототехника кабинетін 100 пайыз қамтамасыз еттік. №195, №110 және тәрбие орталығында білім саласын цифрландыру мақсатында IT сыныбы ашылып, қажетті 3D принтер, робототехника және дронмен жабдықталды.
Қазақстан бойынша Астана, Атырау қаласының мектептерінде ғана болған «Н1 – ТД75» маркалы интерактивті панелі облыс бойынша бірінші біздің ауданға келді. Заманауи құралдың артықшылығы көп. Физика бағыты бойынша №163, №167, №168, №169, №194, №224, №242 және №110 мектеп-лицейіне орнатылды. Интерактивті панельдер №51, №55, №52, №125, №163, №192, №209 және №110 мектеп-лицейінің химия кабинетіне қойылды. Ал, биология бойынша №51, №53, №125, №169, №213, №245, №3 мектеп-интернатына берілді. Бұл мектептерде білім мазмұнын жаңарту бойынша оқыған мұғалімдер пәндері бойынша сапалы мәліметтермен жұмыс жасай алуына мол мүмкіндік болып тұр.
2020 жылы Үкімет резервінен қашықтан оқытуды ұйымдастыруға бөлінген қаржы есебінен білім беру мекемелеріне 2730 дана (573 планшет, 1714 ноутбук, 443 компьютер құрылғысы) беріліп, арнайы атаулы көмек алатын және көп балалы отбасыларға келісім шарт арқылы уақытша қолдануға таратылды. Қазіргі таңда жалпы компьютер техникасы саны – 5598 дана. Бұл әрбір 3,5 оқушыға 1 компьютерден келеді деген сөз.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу білім беру жүйесінің бөлінбес бір бөлігі. Бұл орайда Үкіметтің 2011-2020 жылға арналған бағдарламасы іске асырылуда. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалардың да білім алуына да барлық жағдайды жасау керектігі жүктелді. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға инклюзивтік білім алуға білім беруге жағдай жасалған білім беру ұйымдарының үлесі соңғы екі жылда артып келеді.
2019 жылы 16 мектепке штат пен кабинет (№51, №52, №53, №54, №164, №168, №169, №184, №195, №213, №224, №245, №110, №125), 2020 жылы 7 мектепке кабинет пен 7,5
штат (№56, №242, №192, №209, №223, №247, №166), 2021 жылы 3 штат пен 6 мектепке кабинет (№86, №110, №208, №242, №110, №223 ) алынып, жұмыс жасалуда.
Ұстаздың көп жылдық нәтижелі жұмысын таразылауда тестілеудің орны бар. ҰБТ-ның нәтижесінде мектептердің білім беруі қандай деңгейде екенін көруге болады. Әрине, соңғы жылдары тестілеудің қорытындысы арқылы рейтинг түзіліп жүрген жоқ. Дегенмен, өзіміздің деңгейді бағдарлап отыру үшін ҰБТ-ның қорытындысына көңіл бөлеміз. Әрі соңғы жылдары көрсеткішіміз айтарлықтай көтерілгені көңілге медеу. Мәселен, 2020-2021 оқу жылы бойынша ҰБТ нәтижесі бойынша жоғары көрсеткішке ие болдық. Оған бітірушілердің дайындық жұмыстарының сапалы болғандығы әсер етсе керек-ті.
2021 жылғы 829 түлектің 79 пайызы ҰБТ-ға қатысып, орташа балл 84,5 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш Сыр өңірінің аудандар мен қала мектептерінің арасында екінші орыннан көрінуге мүмкіндік берді (2020 жылы – 78 пайыз құраған болатын).
Өткен оқу жылы талапкерлердің мемлекеттік грантқа түсу нәтижесі бойынша да көш ілгері болдық. 829 бітірушінің 607-і ЖОО түті. Оның 431-і грант, 159-ы ақылы, 7-і облыс әкімінің гранты, 10-ы ректор грантына ие болды. Колледжге оқуға түскені – 195 (91 грант, 104 ақылы). Қосымша ақылы курстарға орналасқаны – 26. Осыған дейінгі бітірушілердің орналасауы 85-90 пайыз болса, 2021 жылы орналасу көрсеткіші (829 түлектің 828-і) 99,9 пайызды көрсетті.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі негізгі проблема – білім ошақтарының жетіспеушілігі. Әрине, мемлекет бұл олқылықтарды жою үшін арнайы шаралар қабылдауда. Бірақ бала саны жыл сайын артуда. Сондықтан ел Үкіметі жекеменшік мектеп санын көбейтуді қолға алды.
Мемлекет үшін, бұл – бюджетке түсетін жүктемені төмендету, орын тапшылығын азайту, білім беру сапасын жақсарту, педагог мәртебесін арттыру. Инвестор үшін, бұл – тұтыну кепілдігі бар табысты әрі ұзақ мерзімді бизнес-жоба екені анық.
2021 жылдан бастап ауданда бастауыш негіздегі 4 жекеменшік мектеп өз жұмысын бастады. Бұл мектептерде 650 тәлімгер білім алады. Материалдық-техникалық базасы жасақталып, сапаны бақылау басқармасының лицензиясымен ашылды.
Жекеменшік мектептердің қаншалықты жақсы білім беретіні құрылтайшысының оқу орнын қандай мақсатпен ашқанына да байланысты. Мұны уақыттың өзі саралап, ақиқатын көрсетіп береді.
Жаңартылған білім берудің басты принципі – оқушының білім алуда өз-өзін дамытуға, қоғамдық белсенділігін арттыруға, коммунативті қабілеті мен шығармашылық ізденісін шыңдауға негізделді.
Бұл бағытта Білім және ғылым министрлігінің «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобаның негізгінде орта білім беру сапасын арттыру: Қазақстанның өңірлері, қалалық және ауылдық мектептері арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту (PISA), мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Талапкердің қоғамдық белсенділігін арттырып, азаматтық көзқарасын шыңдауда «Мектеп парламенті» жобасы, «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы, «Ұшқыр ой алаңы» жобасы барлық мектептің оқу-тәрбие процесіне енгізіліп, жұмыс жүргізілуде.
Әлем елдерінің тәжірибесіне қарасақ, Сингапур, Жапония, Финляндия білім беру саласының сапасын жедел дамытып, дамыған елдердің қатарына қосылды. Яғни адами капиталды бәрінен жоғары қойып, өркендеудің, өрлеудің жолын тапты. Біздің Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім – адами капиталдың негізі деуінің сыры осындай жатыр.
Болат ИБРАГИМОВ,
аудандық білім бөлімінің басшысы
16 желтоқсан 2021 ж. 328 0