Биыл аудан бойынша 269 түлек ЖОО грантына түсті
Биылғы Тамыз кеңесінде Жаңақорған ауданы білім бөлімінің бастығы Болат Ибрагимов мектеп бітірген түлектердің оқу орындарына түскені жайында мәлімдеді.
Оның мәліметінше, 2017 жылы 852 мектеп бітіруші түлектердің ЖОО-на түскені 430, колледждерге түскені 363 болып, бітірушілердің оқу орындарына орналасуы 93 пайызды құрады. 2018 жылғы мектеп бітірушілерінен ЖОО-на грантқа түскендері 269 болса (оның ішінде Серпін бағдарламасы бойынша 144), ақылы негізде 217 бітіруші ЖОО-на түсіп отыр, облыс әкімінің грантына 19 оқушы, ректорлық және квоталық грантқа 22 оқушы, яғни 1005 түлектің 527-сі ЖОО-на түсті. Колледждерге грантқа 117 оқушы, Серпін бағдарламасымен 41, ақылы негізде 164 оқушы түссе, барлығы 322 бітіруші арнаулы орта оқу орындарына оқуға түсті. Яғни, 2018 жылы 1005 бітірушісінің 849-ы оқуға түсіп, 85 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар әлі де түрлі оқу орындарына тест тапсырып жатқан түлектеріміз бар.