НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Көптеген адамдар үшін некені бұзу процесі моральдық жағынан да, бюрократиялық жағынан да жағымсыз болып табылады.
Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан-отбасынан басталады» дегендей отанды сүю-отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан туған үйдің жылуы-оның көкірегенен көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы-табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы-өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. «Өз үйім- өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйінің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады.
Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт, соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн.
Жоғарыда айтылғандай сөзімізге арқау болып отырған мәселе бойынша Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы О., жауапкер С-дан некені бұзу жайлы азаматтық ісі қаралды.
Сотта тараптарға сот ұйғарымымен татуласу үшін екі ай мерзім белгіленген.
2021 жылғы 10 қарашадағы сотқа жолдаған арызында талап қоюшы қазіргі уақытта жауапкермен татуласып, отбасы болып өмір сүріп жатқанын, осы негізде талап қоюынан бас тартатынын көрсетті.
Аудандық соттың ұйғарымымен талап қоюшы О-ның талабынан бас тартуы қабылданып, жауапкер С-мен некені бұзу жайлы азаматтық ісі бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші, білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алатынын жеткізгіміз келеді.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі