№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Отбасы – бақыт мекені

Отбасы – бақыт мекені


Отбасы – адамның өте маңызды ортасы. Себебі адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік сыйлайтынын да осы ұғым. Оның айқын дәлелі бүгін 15 мамыр халықаралық отбасы күнінде аудандық перзентхана бөлімінде төрт бірдей сәби дүние есігін ашып, қуанышқа кенелтті.

«Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деген бар. Қазақтың даласы кең. Жер көлемі жағынан дүниежүзінде тоғызыншы орын алады. Сол жердің байлығын игеретін де әрі иесі де келешекте дүниеге келер балаларымыз емес пе? Бала – мемлекеттің басты байлығы, қазынасы һәм тірегі. Демек баланы асырап-өсіру – тек ата-ананың ғана емес, мемлекеттің де басты міндеті. Мұны карантин кезіңде толық сезіндік.
Жаңақорғандық аналар ұрпақ санын көбейтіп, оларғы тәлімді тәрбие сіңіріп келеді. Мұны мереке күні босанған сүттіқұдықтық Жанабаева Маржан қуаттайды.
– Бүгін қыз баланы дүниеге әкелдім. Жағдайым жақсы. Осында босануым үшін бар жағдайды жасап, көңілімізді табуға тырысқан Сәуле Бектұрғанова бастаған ұжымға алғыс білдіремін, – дейді жас ана.
Сапа саннан шығады. «Мәңгілік Ел» болу жолында адами капиталды дамыту маңызды. Ал оны дамытуда адамның саны әсер ететіні хақ. Сондықтан халықтың санын 20 миллионға жеткізудің қамы жасалуда. Себебі демография халықтың бет-бейнесін, ел қуатын көрсетеді. Бұл межеге жету үшін балалар мен аналардың жағдайын барынша қадағалау күн тәртібінен түскен емес.
Қуанышты жаңалығымен бөліскен аудандық перзенхана бөлімінің меңгерушісі Сәуле Бектұрғанова:
– Қазақта «Отан — отбасынан басталады» деген сөз бар. Шынында Отаннан кейінгі қасиетті ұғым отбасы. Ал осының ізін жалғастырушы бүгінгі дүниеге келген нәрестелер. Айтулы мереке қарсаңында дүниеге екі ұл бала, екі қыз бала дүниеге келді. Босанған аналардың да сәбилердің де жағдайлары жақсы. Келешек ұрпақтың дамып өсуі жолында қызметімізді аямаймыз, – дейді білікті басшы.
Айта кететіні, қуанышты жаңалықты естіген аурухана бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Ғалия Туребаева перзентхана бөліміне келіп, аналарды отбасы күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, босанған 4 анаға сый-сияпаттар табыс етті.
Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы маңызды рөл атқарады. Өйткені бұл ұғым қоғам үшін өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайды.

Лаура БИБАСАРОВА
18 мамыр 2020 ж. 677 0