АУДАНДЫҚ СОТТА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
️Жаңақорған аудандық сотында оқу сабақтарының жоспарына сәйкес «Сот істері мен материалдарды құжаттарды танысуға беру тәртібін үйрену» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева мен қызметкерлері қатысты.
Семинарда аталған тақырып бойынша бас маман сот отырысының хатшысы А.Оразбаева баяндама жасап, өз сөзінде сот отырыстарының хаттамаларымен танысу Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетінін, іске қатысушы адамдардан немесе олардың өкілдерінің өтінішхаттар келіп түскен кезде сот төрағалық етушінің және сот отырысы хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сот отырысының хаттамасын ұсынуға міндетті екенін және сот отырысын тіркеудің қосымша материалдарымен танысуға жазбаша арыз бойынша және сот отырысында төрағалық етушінің рұқсатымен, ал ол болмаған жағдайда аудандық сот төрағасының рұқсатымен жол берілетінін, сот отырысының хаттамасымен танысқан адам танысу туралы өзінің арызында тиісті белгі қоятынын түсіндірді.
Сонымен қатар сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу тәртібі Ережесіне сәйкес жүзеге асырылатынын жайлы айтып өтті.
Семинарды қортындылай келе сот істері мен материалдарды құжаттарды танысуға беру тәртібі туралы, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін айтты.
Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі