Жаңақорған аудандық сотында семинар өткізілді
Жаңақорған аудандық сотында оқу сабақтарының жоспарына сәйкес «Сот істерінің қаралғаннан кейінгі рәсімдеулерін оқып үйрену» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева мен қызметкерлері қатысты.
Семинарда аталған тақырып бойынша бас маман сот отырысының хатшысы Б.Қалдыбаев өз баяндамасында, қылмыстық істер бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін бес тәулiктен, ал көп эпизодты істер және алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша он тәуліктен кешiктiрiлмей жасалуы керектігін және күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасын дайындау, сот отырысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы мүмкіндігін көрсетті.
Сонымен қатар, сот ісіне қатысушыларға заңды күшіне енбеген сот актілерінің көшірмелерін береді, үкім жарияланғаннан кейін бес тәуліктен кешіктермей үкімнің көшірмесін сотталушыға (ақталғанға, қорғаушыға және айыптаушыға) табыс етеді, істі бірінші сатыда қарауға дайындаудағы соттың барлық процессуалдық әрекеттері мен ic қозғалысы туралы белгілерді істің анықтама парағында жасайды, хаттамалардың электрондық мазмұнын енгізуді, есепке алу құжаттарының байланыстырылуын қамтамасыз етеді, сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап үш күндік мерзімде оны орындау үшін жөнелту жөнінде әрекеттер жасайды және белгіленген тәртіппен ресімделген істерді соттың кеңсесіне өткізетіні туралы түсіндірді.
Семинарды қортындылай келе сот істерінің қаралғаннан кейінгі рәсімделуі жайлы кеңінен талқылап, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін айтты.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі