№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында семинар өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында семинар өткізілді


Жаңақорған аудандық сотында оқу сабақтарының жоспарына сәйкес «Сот істерінің қаралғаннан кейінгі рәсімдеулерін оқып үйрену» тақырыбында семинар өткізілді.


Семинарға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева мен қызметкерлері қатысты.
Семинарда аталған тақырып бойынша бас маман сот отырысының хатшысы Э.Серікбаева баяндама жасап, өз сөзінде іс қаралғаннан кейін немесе ол басқа уақытқа қалдырылғаннан кейін сот отырысының хатшысы сотқа шақырылған адамдардың жұмысқа уақтылы жетуін бақылауды қамтамасыз ету үшін шақыру қағаздарында белгі қояды, осы белгіні өзінің қолымен және соттың мөртаңбасымен куәландырады. Сот отырысының хатшысы (консультант) ic қаралып, сот актілері шығарылғаннан кейін қылмыстық істер бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін хаттаманы бес тәулiктен, ал көп эпизодты істер және алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша хаттаманы он тәуліктен кешiктiрiлмей жасалып, оған төрағалық етушi мен хатшы қол қоюға тиiс және азаматтық істер бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін сот талқылауының хаттамасын үш жұмыс күннен кешіктірмей, ал жеке процессуалдық әрекет туралы хаттаманы – ол күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей дайындайды.
Сонымен қатар күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасын дайындау және оған қол қою бұдан ұзақ мерзімде, бірақ сот отырысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күннен кешіктірілмей жүзеге асырылатыны жайлы айтып өтті.
Семинарды қортындылай келе сот істерінің қаралғаннан кейінгі рәсімдеулі жайлы кеңінен талқылап, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін айтты.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
28 қазан 2020 ж. 504 0