Аудандық сотта өткен семинар
Жаңақорған аудандық сотында сот отырысының барысында аудио, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану мәселелеріне қатысты семинар өтті.
Жаңақорған аудандық сотында кеңсе қызметкерлерінің және сот отырысының хатшыларының қатысуымен «сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын сапалы қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қолжеткізу қағидалары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинар сабағында сот отырысының хатшысы Э.Серікбаева баяндама оқып, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сот шешімін арнайы бөлмелерде шығару үшін «кеңесу бөлмесін» алып тастау жөнінде түзетулер енгізілуіне байланысты, сот отырысында техникалық құралдарды пайдалану тәртібін, бейнежазба көшірмесін беруді болдырмауды көздейтін түзетулер қабылдауына байланысты сот отырысы аудиожазбасының көшірмесін сотқа өтінішхат келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде беретінін, қосымша нысан бойынша жазбаша арыздың негізінде сот отырысының аудиожазба көшірмесі ұсынылатынын, жабық сот отырыстары бойынша аудио-, бейнежазба және сот отырысының хаттамасы берілмейтінін, аудио-, бейнежазбамен таныстыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі сотта жүргізілетінін атап өтті.
Семинар соңында, семинарға қатысушылар арасында соттардағы Виртуальды сот процестеріне қатысты мәселелер талқыға салынып, талқыланған мәселелер қорытындыланып, тиісті ұсынымдар жасалды.
Семинар соңында, семинарға қатысушылар арасында соттардағы Виртуальды сот процестеріне қатысты мәселелер талқыға салынып, талқыланған мәселелер қорытындыланып, тиісті ұсынымдар жасалды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі