№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңақорған аудандық сотында семинар өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында семинар өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында оқу сабақтарының жоспарына сәйкес «Сот істерінің қаралғаннан кейінгі рәсімдеуін оқып үйрену» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева мен сот қызметкерлері қатысты.
Семинарда аталған тақырып бойынша бас маман сот отырысының хатшысы А.Оразбаева баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында, іс қаралғаннан кейін немесе ол басқа уақытқа қалдырылғаннан кейін сот отырысының хатшысы сотқа шақырылған адамдардың жұмысқа уақтылы жетуін бақылауды қамтамасыз ету үшін шақыру қағаздарына белгі қоятынын, осы белгіні өзінің қолымен және соттың мөртаңбасымен куәландыратынын және сот отырысының хатшысы (консультант) ic қаралып болғаннан кейін, сот актілері шығарылғаннан кейінгі жұмыстары туралы айтып өтті.
Сондай-ақ қылмыстық істер бойынша басты сот талқылауының хаттамасы сот отырысы аяқталғаннан кейін бес тәулiктен, ал көп эпизодты істер және алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша он тәуліктен кешiктiрiлмей жасалуы керектігін және күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасын дайындау, сот отырысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы мүмкіндігін көрсетті.
Сонымен қатар, азаматтық істер бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін сот талқылауының хаттамасын үш жұмыс күннен кешіктірмей, ал жеке процессуалдық әрекет туралы хаттаманы – ол күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей дайындалатынын, құжаттарды іске хронологиялық тәртіп бойынша тігілетенін, істің парақтарын нөмірлейтінін және өзінің қолтаңбасын қойып істегі материалдардың тізімдемесін жасап немесе бар тізімдемені жалғастыратынын, сот отырысының қысқа хаттамасына дыбыс-, бейнежазба дискісін қоса тіркейтінін, ол іспен бірге сақталатынын, сот актілері заңды күшіне енгеннен кейін атқару құжаттарын орындауға жіберетінін, егер сот бұлтартпау шарасы ретінде сотталушыға ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатты таңдаса немесе бұрын таңдалған қамауға алу бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы колхатына өзгертсе, сотталушыдан осындай қолхатты алатынын, егер сотталушы айыппұлдан басқа, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға кесілген болса, сотталушыдан пробациялық қызметіне келу туралы қолхат алатынын түсіндірді.
Семинарға қатысушылар сот істерінің қаралғаннан кейінгі рәсімделуі жайлы мәселелерін кеңінен талқылап, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
30 сәуір 2021 ж. 479 0