№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Болашақта әскери жедел жәрдем көлігі оңайлықпен сынбайтын болады

Болашақта әскери жедел жәрдем көлігі оңайлықпен сынбайтын болады


Әскери жедел жәрдем көлігі – соғыс жағдайында немесе оқыс оқиға кезінде жедел түрде оқиға орнына келетін ең бірінші техника түрі. Себебі ол әскери адамның өмірін сақтап қалу керек. Ал болашақтағы әскери жедел жәрдем көлігінің қандай болатынын көргіңіз келе ме? 

Жаңа үлгіде жарыққа шығатын әскери жедел жәрдем көлігінің концептісі жасалды. Енді тек оны өндіру және өндіріске жіберу ғана қалды. Цилиндр тәрізді үлгіде жасалып жатқан көліктің ерекшелігі өте жылдам қозғалады. Ең қызығы дөңгелектері сезімтал. Яғни электронды жүйемен жұмыс жасайды. Іштегі науқастың шайқалмауын қамтамасыз етеді.  Көліктің қосымша көзі ретінде дрон құрылғысы да бірге жұмыс жасайды. Көлік ішінде барлық жағдай жасалған. Тұрақты температура сақталған. Сонымен қатар жылу сезу құрылғысы да орнатылған. Бұл жарақат алған сарбаздың қай жерде жатқанын тауып баруға мүмкіндік береді. Көлік сырты 3 см болатын қораныш қабатымен қапталған. Бір сөзбен айтқан кезде өте ауыр жағдайдағы шабуылға тап болмаса, аталған жедел жәрдем көлігі оңайлықпен сына қоймайды.
         Massaget.kz сайты
29 маусым 2018 ж. 1 723 0