Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жаңақорғанда жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты

Жаңақорғанда жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты

Жаңақорған ауданында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан көлік ішіндегі азамат жарақат алды. Құтқарушылар көліктегі аяғы қысылып қалған адамды шығарып алды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Оқыс оқиға 1 тамыз күні сағат 11.20 шамасында Жаңақорған кенті тұсындағы дариядан өтетін көпір үстінде болған. Көпірде «КаМАЗ» жүк көлігі мен «Toyota Carina» жеңіл көлігі соқтысып қалды.
«Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті. Соқтығыс кезінде жеңіл көлік жүргізушісінің аяғы қысылып қалған. Құтқарушылар тиісті құрылғымен оны шығарды. Көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметіне табысталды», – дейді Әлия Ережепова.
02 тамыз 2021 ж. 1 577 0