» » СОТ АЗАМАТТЫ ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТСІЗ ДЕП ТАНЫДЫ

СОТ АЗАМАТТЫ ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТСІЗ ДЕП ТАНЫДЫ

Жаңақорған аудандық сотына арыз беруші Б. азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану жайлы арызымен сотқа жүгінген.
Іс құжаттарына сәйкес, арыз беруші Б-ның өзімен бірге тұратын әпкесі А. 1999 жылдан бері психикалық ауруға шалдығып, есепте тұратынын, екінші топ мүгедегі екенін, өз әрекетіне жауап бере алмайтынын, қамқоршылықты қажет ететінін көрсетіп, оны әрекетке қабілетсіз деп тануды сұраған.
Сотпен азаматша С-ның психикалық жай-күйін анықтау үшін психиатриялық сараптамасы тағайындалған.
Арыз беруші Б. сотта арызды қуаттап, сот-психиатриялық сараптама қорытындысымен де әпкесінің психикалық аурумен ауыратыны, өз әрекетіне жауап бере алмайтыны бекітілгенін көрсетті.
Қамқоршылық және қорғаншылық органының өкілі А. науқас С-ны өзінің істеген әрекетінің мәнін түсініп, баға бере алмайтындықтан оған қорғаншы тағайындау үшін оны әрекетке қабілетсіз деп тануға жататынын көрсетті.
Аудандық соттың шешімімен арыз беруші Б-ның арызы қанағаттандырылып, оның әпкесі әрекетке қабілетсіз деп танылды.
.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
21 қазан 2021 ж. 339 0