№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АРМЫСЫЗДАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ

АРМЫСЫЗДАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ

Бұл аптаның да айтары көп болды.
Апталық шолуда Жаңақорған аудандық сотының өндірісіндегі азматтық істер бойынша айшықты оқиғаларды талдап таразылаймыз.
Алдымен аңдатпа:
2021 жылдың 18-22 қазан аралығында аудандық соттың өндірісіне 10 талап арыз келіп түсті. 8 азаматтық іс қаралып, 4 іс бойынша шешім шығарылды.
Сонымен қатар қайтарылған арыздар саны 1, 2 іс сот бұйрығының шығарылуымен аяқталды.
Сонымен қатар осы аптада қаралған істерге тоқталар болсақ:
Осы аптада қаралған істерге тоқталар болсақ:
Аудандық сотына талап қоюшы Қ. жауапкер Ә-дан 21 жасқа толғанша ай сайын 10 АЕК мөлшерінде алимент өндіру жайлы талап қою арызымен сотқа жүгінген.
Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы өзінің арызында ата-аналары 2005 жылы ажырасып кеткенін, осы некеден әпшесі екеуі дүниеге келгенін, олар бала күнінен әкесіз өскенін, оларды анасы жалғыз өзі тәрбиелеп, бағып-қағып осы күнге дейін жеткізгенін, екеуі де қазір кәмелет жасқа жеткендерін, бірақ әкелері бала күндерінен оларға қараспағанын, материалдық жағынан ешқандай көмек көрсетпегенін көрсеткен.
Талап қоюшы қазіргі таңда Қорқыт-ата атындағы Қызылорда университетіне оқуға түскенін, ол жоғарғы оқу орнын жатаханада жатып оқитынын, оның жүріп тұруына және жатахана ақысы бар, тамағы мен киімдеріне қаржыны қажет ететінін, сол себепті әкесі Ә-тан 21 жасқа толғанша тұрақты ақша сомасы, мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.
Сот отырысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Келісім бойынша талап қоюшы Қ-ның жауапкер Ә-дан 21 жасқа толғанша алимент өндіру туралы талабынан бас тартса, жауапкер Ә. талап қоюшы ұлы Қ-ның пайдасына, ол жоғарғы оқу орнында оқу кезіңде 21 жасқа толғанша, ай сайын 20 000 теңгеден алимент төлеуге міндеттенген, осы негізде азаматтық іс тоқтатылды.
Келесі кезекте арыз беруші Жаңақорған аудандық сотына арыз беруші Б. азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану жайлы арызымен сотқа жүгінген.
Іс құжаттарына сәйкес, арыз беруші Б-ның өзімен бірге тұратын әпкесі А. 1999 жылдан бері психикалық ауруға шалдығып, есепте тұратынын, екінші топ мүгедегі екенін, өз әрекетіне жауап бере алмайтынын, қамқоршылықты қажет ететінін көрсетіп, оны әрекетке қабілетсіз деп тануды сұраған.
Сотпен азаматша С-ның психикалық жай-күйін анықтау үшін психиатриялық сараптамасы тағайындалған.
Арыз беруші Б. сотта арызды қуаттап, сот-психиатриялық сараптама қорытындысымен де әпкесінің психикалық аурумен ауыратыны, өз әрекетіне жауап бере алмайтыны бекітілгенін көрсетті.
Қамқоршылық және қорғаншылық органының өкілі А. науқас С-ны өзінің істеген әрекетінің мәнін түсініп, баға бере алмайтындықтан оған қорғаншы тағайындау үшін оны әрекетке қабілетсіз деп тануға жататынын көрсетті.
Аудандық соттың шешімімен арыз беруші Б-ның арызы қанағаттандырылып, оның әпкесі әрекетке қабілетсіз деп танылды.
Тарихтың қалтарысында қалып бара жатқан апта ішіндегі Жаңақорған аудандық сотының өндірісіне түскен істердің көрсеткіші осындай.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
22 қазан 2021 ж. 321 0