№84 (8795) 22

22 қазан 2024 ж.

№83 (8794) 19

19 қазан 2024 ж.

№82 (8793) 15

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ҚАЙТЫС БОЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ФАКТ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЙТЫС БОЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ФАКТ АНЫҚТАЛДЫ

Жаңақорған аудандық сотына арыз беруші Е., адамның қайтыс болуы жайлы заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы арызбен жүгінген.
Іс құжаттарында анықталғандай, арыз беруші Е. арызында әкесі Е-нің. Жаңақорған кентінде өзінің үйінің ауласында жіпке асылып қайтыс болғанын, оның қайтыс болғандығы жөнінде дәрігерлік анықтама алынбағанын, сол себепті АХАТ бөлімі оның қайтыс болғандығын тіркемегендігін, АПБ-нің қызметкерлері қылмыс белгісі жоқ екендігі туралы анықтама бергенін, сондықтан әкесінің 2007 жылы 4 қазанда қайтыс болу фактісін анықтап беруді сұраған және бұл фактіні анықтау қайтыс болу туралы куәлік алу үшін қажет екендігін көрсеткен.
Куәлер сот отырысында арыз беруші Е-нің әкесінің өзінің үйінің ауласында жіпке асылып қайтыс болғанын және оны жерлегенін растайтындарын көрсеткен.
Қазақстан Республикасы АПК-нің 305 бабының 2 бөлігінің 8 тармағында «соттың азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан жағдайда, адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болуы фактісі туралы істерді қарайтындығы» белгіленген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 292- бабында, сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттары өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтірілуі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайтындығы көрсетілген.
Аудандық соттың шешімімен арыз беруші Е-нің арызы қанағаттандырылып, оның әкесі Е-нің қайтыс болу фактісі анықталды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
11 қазан 2021 ж. 329 0