№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жылжымайтын мүлік иесіз деп танылып, коммуналдық меншік құқығына берілді

Жылжымайтын мүлік иесіз деп танылып, коммуналдық меншік құқығына берілді


Жаңақорған аудандық сотына арыз беруші Жаңақорған ауданының әкімі жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және оған коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызбен жүгінген.
Іс құжаттарында анықталғандай, арыз беруші Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде орналасқан 1980 жылдардың соңымен 1990 жылдардың басында салынып басталып, аяқталмай қалған темір жол үстінен өтетін жол өткелі иесіз болып табылатын және меншік иесі жоқ жол өткелі ешкімнің атына тіркелмегенін, 2020 жылғы 25 ақпанында- иесіз мүлік ретінде есепке қойылғанын және осы уақыттқа дейін меншік иесі белгісіз екенін, құқықтарын даулайтын өзге де тұлғалар жоқ негіздеп арыз беруші жол өткелін иесіз мүлік ретінде танып, оны Жаңақорған ауданы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беруді сұраған.
Сот отырысында арыз берушінің өкілі арызын қуаттап, соттан оны қанағаттандыруды сұрады және аталған жол өткелі бойынша меншік құқығы тіркелмеген, жол өткеліне ешкімнің дауы болмаған және соңғы бес жылда салық төлемедерін толеу туралы мәліметтер жоқ болмағандығы анықталды.
Қазақстан Республикасының АПК-нің 360-бабы 2-бөлігінің талаптарына сай, сот жылжымайтын мүліктің меншік иесінің жоқтығын не оның меншік құқығын сақтау ниетінсіз тастап кеткенін және белгіленген тәртіппен есепке алынғанын тани отырып, жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығын тану туралы шешім шығарады деп бегіленген.
Аудандық соттың шешімімен арыз беруші Жаңақорған ауданы әкімінің жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызы қанағаттандырылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
14 қазан 2021 ж. 686 0