АЛКОГОЛИЗММЕН АУЫРАТЫН АЗАМАТ МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУГЕ ЖІБЕРІЛДІ
Жаңақорған аудандық сотына арыз беруші «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-і алкоголизммен ауыратын азамат С-ның өз еркімен емделуден жалтарып жүргенін негіздеп, арызбен жүгінген.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат С. 2015 жылдан бастап облыстық наркология орталығында диспансерлік есепте тұратыны, үнемі алкогольдік ішімдік ішіп, өз еркімен емделуден бас тартқаны, арнайы медициналық сараптау комиссиясының қорытындысымен созылмалы маскүнемдікпен ауыратыны және 6 ай мерзімге маскүнемдіктен еріксіз емдеуді қажет ететіндігі бекітілген.
Арыз берушінің өкілі А., сот отырысында арызды қуаттап, С-ны ұдайы алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзатынын, соңғы айларда салынып ішетінін көрсетіп, арызды қанағаттандыруды сұрады.
Жаңақорған АПб-нің ЖПҚб-нің УПИ-ры Б-ның мәлімдемесіне сәйкес, науқас әрдайым алкогольді ішімдік ішетіндігі, емделуден бас тартып жүргені, жанұясының мазасын алатыны, сонымен бірге алколгольді масаң күйінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бекітілді.
Аудандық соттың шешімімен арыз қанағаттандырылып, азамат С. 6 ай мерзімге маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу үшін мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне еріксіз емдеуге жіберілді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі