№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Заңдық маңызы бар факті анықталды

Заңдық маңызы бар факті анықталды

Жаңақорған аудандық сотында арыз беруші Б. заңдық маңызы бар фактісін анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.
Арыз беруші Б., 1982 жылдың 30 сәуір айынан Жаңақорған ауданы Бірлік совхозында жұмысшы болып жұмысқа қабылданып, 1997 жылдың 13 қаңтарына дейін істегенін, зейнетақы тағайындау кезінде осы 14 жыл 9 ай жұмыс істегені еңбек өтіліне есептелмегенін, осы аталған мекеме орындарында жұмыс жасаған еңбек өтілімі туралы заңдық маңызы бар фактісін анықтауды сұраған арызымен жүгінген.
Сот отырысында куәлар И мен К-ның арыз берушімен 1982-1997 жылдар аралығында бірге жұмыс істегендерін айтып көрсетті.
Аталған азаматтық іс бойынша сотта іс құжаттарымен куәлердің түсініктерімен дәлелін тапты.
Аудандық соттың шешімімен арыз беруші Б-ның заңдық маңызы бар фактісін анықтау туралы арызы қанағаттандырылып, оның 1982-1997 жылдары аралығында жұмысшы болып жұмыс істеген фактісі анықталды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
01 қазан 2021 ж. 304 0