№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Медиация тәртібімен отбасы сақталды

Медиация тәртібімен отбасы сақталды


Отбасылық институттың құлдырауы әлемдік үрдіс десек- бүгінде сол келеңсіз жағдай елімізге де тән.Сөйтіп ажырасудың салдарын толық емес некеде тәрбиеленіп жатқан ұрпақ көріп отыр.
Судьялар осындай жарты отбасыларда өскен ұрпақ жасық, жасқаншақ болып өсетіндігін айтады.
Өңірімізде ажырасу оқиғалары жиілеп барады.
Негізінен некесін бұзуға себеп болатын жайттар әлеуметтік жағдайдың төмендігі, алкогольдік ішімдікке тәуелділік те жұбайлардың ат-жалын үзісуіне сеп.
Осылайша судьялар отбасы мүшелерін сабырлы болуға шақыруда.
Бүгінде Жаңақорған аудандық сотының судьялары қоғамда өзектілігі артқан ажырасу мәселесін бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде деп таласқан ерлі-зайыптыларды табыстырып, тірі-жетімдер санын азайтуға ерекше мән беріп қарайды.
Тілдесе алмай тіресіп жүрген ерлі-зайыптыларды аптықпай тыңдап, айыптамай ақылын айту арқылы судьяларда тараптарды келісімге келтіруде өз септігін тигізуде.
Осы мәселе бойынша Жаңақорған аудандық сотымен неке бұзу туралы екі азаматтық іс қаралды.
Істі сотта қарау барысында тараптарға татуласуға берген мерзім ішінде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы неке бұзу туралы талап арызымен қозғалған азаматтық істері тоқтатылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.

20 тамыз 2021 ж. 247 0