№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Неке медиациялық келісім нәтижесінде сақталды

Неке медиациялық келісім нәтижесінде сақталды




         Отбасылық институттың құлдырауы әлемдік үрдіс десек- бүгінде сол келеңсіз жағдай елімізге де тән. Сөйтіп ажырасудың салдарын толық емес некеде тәрбиеленіп жатқан ұрпақ көріп отыр. Судьялар осындай жарты отбасыларда өскен ұрпақ жасық, жасқаншақ болып өсетіндігін айтады.
         Өңірімізде ажырасу оқиғалары жиілеп барады. Негізінен некесін бұзуға себеп болатын жайттар әлеуметтік жағдайдың төмендігі, алкогольдік ішімдікке тәуелділік те жұбайлардың ат-жалын үзісуіне сеп. Осылайша судьялар отбасы мүшелерін сабырлы болуға шақыруда.
         Бүгінде Жаңақорған аудандық сотының судьяларықоғамда өзектілігі артып отқан ажырасу мәселесін бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде деп таласқан ерлі-зайыптыларды табыстырып, тірі-жетімдер санын азайтуға ерекше мән беріп қарайды. Тілдесе алмай тіресіп жүрген ерлі-зайыптыларды аптықпай тыңдап, айыптамай ақылын айту арқылы судьяларда тараптарды келісімге келтіруде өз септігін тигізуде.


            Осы мәселе бойынша Жаңақорған аудандық сотымен талап қоюшы А., жауапкер ,Ш.-ға қойған неке бұзу туралы азаматтық  ісі қаралды.
         Істі сотта қарау барысында тараптарға татуласуға берген мерзім ішінде  дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
         Сот ұйғарымымен талап қоюшы А., жауапкер Ш., неке бұзу туралы талап арызымен қозғалған азаматтық ісі тоқтатылып, іс бойынша төленген мемлекеттік баж 758  теңге бюджеттен талап қоюшыға қайтарылды.
                                                     Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
14 маусым 2019 ж. 838 0