№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бітімге келмей дау бітпес

Бітімге келмей дау бітпес

Елімізде қаншама адам соттың әуресімен жүр. Азаматтық істердің артуы сот қызметкерлерінің де жүктемесін көбейткен.
Бірі меншігін, бірі қарызын, енді бірі еңбекақысын даулауда жүр.
Қазақ қоғамы сөз құдіретін жоғары бағалаған. Дауласқан даугерлерді, жауласқан жауларды бір ауыз сөзбен тоқтатқаны тарихтан белгілі.
Сондықтан құзырлы орган 2018 жылдан бастап «Татуласу-сотқа дейін, сотта» атты жобаны қолға алды.
Жалпы тарихқа көз жүгіртсек, бұрын дауларды билер шешетін. Оның көбі екі жақтың татуласуымен аяқталатын, яғни ұлтымызда бұл әдісті бұрыннан қолданған.
Дауласу кез-келген, тіпті дамыған елдерге де тән құбылыс десек, қоғамдағы болмашы даудың өзін тек сот шешуі тиіс деген пікір қалыптасқан. Бірақ бұл міндетті талап емес. Дауласқан тараптарды татуластыру әлемдік сот төрелігінің ең басты үрдісі.
Осы тұста аудандық сотта талап қоюшы «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жауапкер Т-дан мекемеге келген залал 86 468 теңгені өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.
Істі сотта қарауға әзірлік барысында іс бойынша төрағалық етуші судья тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу құқығын және оның тиімділігін түсіндірді.
Нәтижесінде тараптар сотқа дауды татуласу тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетті және аталған келісім бекітілді.
Аталған келісім негізінде жауапкер Т., 86 468 теңге залалды әр айдың 30-на 10000 теңгеден «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының есеп-шотына бөліп төлеп, өтеуге міндеттенді. Өз кезегінде талап қоюшы талабынан бас тартты. Осы азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Бүгінде Жаңақорған аудандық сотының судьялары қоғамда өзектілігі артқан ажырасу, отбасы, ағайын мен көрші арасындағы дауласу мәселесін бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде деп таласқан ерлі-зайыптыларды табыстырып, тірі-жетімдер санын азайтуға ерекше мән беріп қарайды.
Тілдесе алмай тіресіп жүрген ағайын мен көрші арасындағы дауларды аптықпай тыңдап, айыптамай ақылын айту арқылы судьяларда тараптарды келісімге келтіруде өз септігін тигізуде.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
18 маусым 2021 ж. 297 0