№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Неке шарты – отбасылық дауларды шешу институты

Неке шарты – отбасылық дауларды шешу институты


Жаңақорған аудандық сотында «Неке шарты бойынша» «WhatsApp» мобильді қосымшасының көмегімен онлайн режимінде дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға аудандық соттың судьясы И.Ө.Тұңғышбаев, кеңсе меңгерушісі Б.Нәлібаева, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің маманы Г.Абдуллаева және аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаты Г.Увайдаева қатысты.
Аудандық соттың судьясы И.Ө. Тұңғышбаев дөңгелек үстелді ашып, өз сөзінде аудандық сотта 2020 жылы неке бұзу туралы 99 арыз түссе, оның ішінде 78 талап арыз бойынша некелері бұзылғанын және 20 талап арыз бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласқанын, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ арыздар саны 2 екенін, ал 2021 жылдың осы кезеңіне дейін 34 неке бұзу туралы арыз түскенін, оның ішінде 11 талап арыз бойынша некелері бұзылғанын және 5 талап арыз бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласқанын, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары және мүліктік дау жоқ болса да, сотқа некені бұзу туралы талап арыздар көптеп түсіп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке қатысты даулары, Неке және отбасы туралы Кодексінің 39-43- баптарының талаптарына сай неке шартында көрініс табуға болатынын түсіндірді.
Мәселен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 39- бабында некеге отыратын адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi және ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп аталады. Неке шартында некеде туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтары көзделуі мүмкін делінген.
Сонымен қатар, аталған Кодекстің 40- бабында неке шарты тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттiк тiркеу туралы өтініш берілген күннен бастап неке қию (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттік тіркелгенге дейін де, некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкiн. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттiк тіркелгенге дейiн жасалған неке шарты неке қию (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi делінген. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және міндетті түрде нотариатта куәландырылуға жататындығын айтып өтті.
Судья «АХАТ» бөлімінің маманына «Неке және отбасы кодексінің» 17-бабында тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке (ерлі-зайыптылық) бұзылатынын, егер ерлі-зайыптылардың біреуін: сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса, сот әрекетке қабілетсіз деп таныса, сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса, қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеуді осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркеуші орган жүргізетіндігін айтып, осы заң талаптарына баса назар аударуды тапсырды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар неке шарттары бойынша туындаған сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
19 наурыз 2021 ж. 895 0