Алтын шақтарды аялау да бақыт
Соңғы қоңырау күні өздері оқыған алтын ұяларына асыққан 1981 жылы аудан орталығындағы №163 орта мектепті бітірген түлектер жүрегіміз бала кездегідей қобалжып, тұла бойымызды бір ерекше сезім билеп алғаны рас. Бүгін біз өзімізге тәлім берген аяулы ұстаздарымызбен қауышамыз.
Қанша жасқа келсек те бізді сәбидей санап, жүрек мейірімін төгетін мұғалім алдында кім қандай дәрежені иеленсін мейлі, баяғы сары ауыз балапан, жәудіркөз шәкірт қалпымызда қалып қоятынымыз рас-ау, кезек – кезек жағдайымызды сұрап, анамыздай арқамыздан қаққан “А” әрпін үйреткен алғашқы ұстазымыз Оспанова Зөре апай мен сынып жетекшіміз Төрениязова Зөре апайдың жан-жағын қаумалап, сағынышымызды баса алар емеспіз. «Бәрің сол қалпың, әп-әдемі болып тұрсыңдар» деп елжіреген ұстаздарымыз бізге рас айтып тұр ма, жай көңілімізге қарады ма, тап осы сөзімен баяғы ойсыз, бірақ аса бақытты сәттердің шуағы көңілге қайта келіп қонғандай шуылдасып дем арасында бала болып кеткендейміз .
Еліміздің сан түкпірінде жүрген сыныптастар болып бұл төртінші бас қосуымыз. Алғаш мектеп бітіргенімізге он жылдықта тоқсаныншы жылдары бас қостық. Жағдайдың тым ауыр кезі. Азық-түлік жағы ақшаңа табылмайды. Бір-біріміздің көңілімізді жылы сөзбен демеп, жақсы іспен қуаттандыруға тырыстық. Марқұм Қанат бауырымыздың идеясымен 71-жылғылардың Туы өмірге келді. Ол Туды ең үлгілі отбасы сақтауға тиіс болды. Тудың бірінші иегері Күлшат Мұсаева болды. Көпшілік сенім артқан маңдайы жарқыраған жанұяға ұстаз Әбдіхалық ағайымыз көл-көсір батасын берген еді. Келесі 2001 жылғы жиырма жылдық кездесуімізде аталмыш туды Тойназарова Ұмсынайға табыс еттік. 2011 жылы Туды Ринат Байхонова иеленді. Кеше қырықжылдықта Ту иегері Айгүл Әлиева болып отыр. Бұл ескерткіш ғасыр жасап замандастарымыздың рухының айшықты белгісіндей болып биікте тұрса біздің де көңіліміз асқақ, ерік-жігеріміз мұқалмайтын тәрізді. Бұл Ту елдің түкпір-түкпірінде жүрген барлығымыз қасиетті туған жерде бас қосқанда бала кезімізді ортақ қазыққа тоғыстырған сенім сертіміздің тұғырында нық тұр.
Осы күні бақилық болған 9 сыныптасымыздың рухына дұға бағыштап, ас бердік.
Сонымен, 1971 жылы №163 “Октябрдің 40 жылдығы” атындағы орта мектебі табалдырығын аттаған кіп-кішкентай балғындар бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі салаларда еңбек етіп
келеміз. Бізді осындай деңгейге жеткізген ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Оларға адамзат басын иеді.
Тұрғанбек ОРАЗАЛИЕВ