БІР ҰЯДАН ҰШҚАН ТҮЛЕКТЕР
Өмірдегі ең бақытты сәт – оқушылық кезең. Мектепті тәмамдағанына жарты ғасыр өткен аудан орталығындағы №3 мектеп-интернатының түлектері және барлығы дерлік сол кездегі шопанның балалары еді.
Қасиетті қара шаңырақтарына тәу етіп, ұстаздарымен дидарласпаққа уәде байласқан екен. Белгіленген күні алыс-жақыннан келген кластастар алтын ұяда бас қосты. Орталарында өздеріне сабақ берген ұстаздары Насыр Сарбасов ағайлары бар. 1971 жылы білім ұясынан 33 түлек қанат қақты. Әрқайсысы өмірден өз жолын тапты. Ойы зерек, талабы ерек бұл сыныптағы түлектер ара-сында бүгінде бар мамандықтың иесі табылады. Дәрігер, құрылысшы, полковник шеніндегі қызмет иелері бар. Ұстаздардың ұлағаты болар, олардың біразы мұғалімдік мамандықты таңдап, бүгінде ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып келеді.
Сондай бір-бірімен жарасып, ерекше толқыныста тұрған түлектермен дидарласуға біз де асықтық. Алдымен, құрметті ұстаз Насыр Сарбасовпен әдемі әңгіме өрби кетті. Сол жылдарға оралып, мектеп партасында отырғандай күй кештік.
– Өмір заңы, кешегі балғын бүгінгі ел ағасы. Бірақ, дауыстары бәз-баяғы қалпы. Көбін дауысынан танып жатырмын. «Рухани жаңғыруға» қосып жатқан үлестері шығар, туып өскен жерін, мектебін аңсап келіп, бас иіп, ұстаздарға, мектепке тағзым етудің өзі үлкен бір көрегенділіктің белгісі деп білемін.
Алтын ұядан жарты ғасыр бұрын түлеп ұшқан түлектердің әрқайсысы – әр түрлі мамандықты игеріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосқан, өз ортасында абыройға ие болған еңбек ардагерлері. Түлектердің дені ауылды көркейтіп, туған жерді өркендетуге атсалысса, енді бірі еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып, туған елден жырақта жүр. Бұл қатарда Ұлби Жанасбаева да бар.
– Сол кезеңде ауыл балаларын білім нәрімен сусындатқан ұстаздардың қатары сиреп, бүгінде көзі тірі екі-үш ардагер мұғалім қалған. Солардың бірі Насыр ағайымыз қазір жетпістің үстінде. Талай
шәкіртті қанаттандырған ағайымызға біздер қанша есейсек те, ұстаздың алдында мәңгі бала болып қалатынымызды сезіндік. Бәріміздің басымыз қосылып, балалықтың тәтті шағы, оқушылық кезеңнің естен кетпес сәттері сөз болды. Сағынышты сырлар өрілді. Шәкірттерінің бағындырған биігіне ұстаздың мерейі тасыды.
10 жыл бірге, 50 жыл жырақта. Осы жылғы түлектердің ең белсендісі – Әлімбай Жасыбаев. Ол еліміздің құрылыс саласына айтарлықтай жаңалық енгізіп, ел алдында азаматтық парызын өтеген нар тұлғалы азамат, құрыш қолды құрылысшы.
– Бәріміз де кеше ғана мектепті бітіріп, әрқайсымыз арман қуып әр қиырға кетіп едік. Уақыт деген жүйрік екен. Қызық, барлығы да өзгерген. Тіпті, кейбір қыздарды танымай да қалдым. Бірақ, мектептегі бейнелері санамда сақтаулы. Әрқайсысының лақап аттары мен жасаған тентек істеріне дейін есімде. Бәрінен бұрын 50 жылдан кейін кездескеніміз қызық болды. Бұл өте жақсы үрдіс деп есептеймін. Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбиесі мол. Себебі, кейінгі түлектер де біз секілді кездесіп тұрса нұр үстіне нұр.
Бұл жандар үшін мектептің әр қабырғасы, есігі, тіпті оның тұтқасына дейін ыстық. Түлектердің басын қосуға, 50 жылдық кездесулердің өтуіне бірден-бір себепші болып жүрген – Қылышбек Құлмырзаев:
– Бір партада отырып, үзіліс кезінде бірге ойнаған сыныптастар мен жылдар бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздардың бірқатары өмірден өтсе де біздің жүрегімізде мәңгі сақтаулы. Бірақ, олардың ешқайысы да ұмыт қалмады, – дейді.
Міне, осындай есте қаларлық сәттерге толы кездесу кеші жетпісті алқымдаған ата-әжелерді бір сәт жастық шаққа оралтты, кластастар өзара қалжыңдасып, мәре-сәре болды.
Кескін-келбеттері өзгергенімен, татулықтары, бір-біріне деген сезімдері сол баяғыша, оқушы кезіндегідей тап-таза мөлдіреп тұрған аға-апаларыма қызыға қарап, көп әсер алып оралдым.
Әсел РЗАЕВ