Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Соғылды соңғы қоңырау!

Соғылды соңғы қоңырау!

  Жүздері бал-бұл жайнаған оқушылар құшақтарын гүлге толтырып, алтын ұя мектептеріне ағылып жатты. Себебі, бұл күн алғашқы сыныбын бітірген, сыныптан сыныпқа көшкен оқушылар үшін, сондай-ақ, әсіресе мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы айрықша есте қаларлық сәттердің бірі.



 Мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез келген жанды бей-жай қалдырмайтын бұл мереке аудандағы барлық білім ошақтарында аталып өтті. Біз №51 М.Қаратаев атындағы орта мектебінде соғылған соңғы қоңырау сылдырын түлектермен бірге тебірене тыңдадық.
Шараға ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар жиналды. Ортаға алтын ұя мектебін бітіріп, бала шақтан болашаққа қанат қаққалы тұрған, жүректері лүпіл қағып, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер құрмет-қошеметпен шақырылды. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен үздіктер қатарынан көрініп, 11 жылды «бестік» бағамен қорытындылаған 4 түлек «алтын белгіге» ұсынылуда.
Одан әрі салтанатты рәсім дәстүрге сай, әуелі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Әнұран орындаудан бастау алды.
Жүргізушілер арнайы шақырылған қонақтардың есімдерін атап таныстырғаннан кейін, алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Қалдыбек Ахметовке берді. Ол жиналған көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтағаннан кейін, аталмыш мектепте биылғы оқу жылында интеллектуалдық, шығармашылық байқауларда, пән олимпиадаларында, ғылыми жобаларда жоғары жетістіктерге жеткен оқушылардың көрнекі көрсеткіштерін атап өтті. Түрлі дәрежедегі орын алған оқушылардың жеңісі, әрине сол мектептегі білікті ұстаздардың зор еңбегінің арқасында.
Құттықтау сөзін сөйлеген білім беру бөлімінің маманы Салтанат Төлепбергенова мектеп түлектерін алда үлкен сынақ күтіп тұрғандығын айтып, оларға сәттіліктің серік болуын тіледі. Сонымен қатар Ізәлітта Нәрзілдаев сөз алды.
Шара барысында ата-аналар комитетінің төрайымы, Серік Ибрагимов және еңбек ардагері, ауданның «Құрметті азаматы» Ізәтілла Нәрзілдаев мектеп бітірушілерге жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Мектептің ардагер-ұстазы Дина Башарова өзінің ақжарма тілегін білдіріп, бүгінгі түлектер ертеңгі майталман мамандар екендігін және тәжірибелі ұстаз ретінде білімсіз болашақтың бұлыңғыр болатындығын айтты.
Игі дәстүр бойынша мектеп түлектері мектептің келер жылғы айналарына білім кілтін тапсырып, 1-сынып оқушыларына сыйлықтарын ұсынды.
20- жыл бұрын бітірген түлектер жылы тілектерін білдіріп, мектепке бағалы сыйлықтарын табыс етті.
Енді оқушылар асыға күткен жазғы демалысына шықса, мектеп біті-рушілердің алдында ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы тұр. Жолың болсын жас түлек!

                                                                                                                                              Ерлан Абдрасилов.
                                                       (Суретте 11-сынып түлектері Райымбек Балтабай, Гүлмарал Алтай, Әсель Өтетілеу).
27 мамыр 2019 ж. 2 021 0