№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Болашаққа бір қадам

Болашаққа бір қадам

Бұл күні аудан бойынша барлық мектептерде соңғы қоңырау үнi сыңғырлап, мектеп түлектері жаңа да жауапты өмiрге аяқ басты. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері үлпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздар бүгінгі күні ойы да, бойы да өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасты. Жыл бойы сыңғырлап, білімге үндеген қоңырау үні соңғы рет сыңғыр қақты.


Аудан орталығындағы С.Сапарбеков атындағы №125 орта мектепте соңғы қоңырау мерекесі жарасымды әнімен, салтанатты сәнімен өз мәнінде өрнек тапты. Аталмыш шараға аудандық білім бөлімінен Бағлан Момынханов, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Ғалымжан Сәрсенов және бiр топ ұстаздар қауымы мен ата-аналар қатысты. Сонымен қатар, бұл мерекеге осы мектепті тәмамдаған түлектер келіп, сүйікті білім ордасымен, ұстаздарымен қауышты. Жиынның ашылуында алғашқы құттықтау сөз алған мектеп директоры Жеңіс Ибрагимов мектеп бітіруші түлектердің алдағы үлкен сынақтан сүрінбей өтіп, ата-аналар мен ұстаздардың үмітін ақтауға тілегін жеткізді. Жыл қорытындысы бойынша үздік шәкірттерге Мақтау қағаздары табысталды.
Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектер ұстаздарына деген ыстық лебіздерін білдіріп, кішкентайдан бірге өскен сыныптастарымен қимас көңілмен қоштасып, мектеп вальсін биледі.
Білім кілтін табыстаушы жас түлек Айгерім Махаш.
– Екінші үйіміздей болған білім ордасы мен үшін қашанда ыстық. Жүрегімде мектепке қимастық пен үлкен өмірге деген үкілі үміт маздап тұр. Сапалы білім, саналы тәрбиемен сусындатқан ұлағатты ұстаздарымның еселі еңбегін ақтаймыз деген сенімдемін, – дейді.

Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА.
29 мамыр 2019 ж. 1 208 0