№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қос үздіктен үміт мол

Қос үздіктен үміт мол



Биыл Шалқиядағы Ахмет Әділов атындағы №86-шы мектепті 11 бала бітірсе, оның екеуі үздік бітіріп, «Алтын белгіден» үміткерлер болып саналады.
Мектеп директоры Фарида Ниязованың айтуынша, биылғы түлектер жылдағыдан аз болғанымен сабақ үлгерімі жоғары,салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып, болашағынан үлкен үміт күттіретін жағдайға жеткізді. Биылғы түлектердің ішіндегі арпа ішінде бір бидай секілді «Алтын белгі» иегері Жадыра Камалбекқызы оқу орнын үздік бітіріп Алматыдағы Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химбиология факультетіне таңдау жасап отыр екен. Ал, екінші үздік «Алтын белгі» иегері Асылжан Шынұзақ Алматы немесе Қарағанды техникалық университетінің тау-кен металлургия факультетіне оқуға түсіп, туған жеріндегі Шалқия кенішінің бір кірпіші болып қалануды көздейді. Үшінші үздік Жанерке Аанарханның да алар асуы алда.
«Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы аясында мектепті он жыл және жиырма жыл бұрын бітірген түлектер келіп, ұстаздар мен түлектерге жүрек жарды лебіздерін білдірді. Жиырма жылдан кейін өмір жолын тауып қалыптасқан, мектептің маңдайалды белсенділері болған есейген екі түлек Данияр Махмутов пен Қарлығаш Ерғараеваның шырқаған «Ұстазым» әніне қосылып, үлкен кіші де алаң ортасына вальске еріксіз шығып кетті. Арада көп жыл өтсе алтын ұяларымен қатынасын үзбеген түлектер Шалқия мешітінде осы күнге жете алмаған ұстаздары мен сыныптастарына құран бағыштап, ас берді. 
Кезек-кезек сөз алған Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әшен Жапаров, ардагер ұстаз Махан Қошқаров, Шалқияның «Құрметті азаматы» Уәлихан Ізтаев, Әкелер кеңесінің төрағасы Аманкелді Жазылбаевтар мектеп түлектеріне ақыл кеңестерін беріп, қимас көңілдерін білдірді.
Ескендір Ертай
26 мамыр 2019 ж. 872 0