«Татуласу:сотқа дейін, сотта» жобасы аясында татуласу рәсімдерін насихаттады


Сотқа келушілерге таратылған таратпа материалдарды татуластыру рәсімдерінің түрлері, олардың қолданылу аясы, медиация, партисипативтік келісім жасаудың тиімділіктері кеңінен түсіндірілген. Сондай-ақ, татуласу рәсімдері бойынша көмек көрсететін «Татуласу орталығы», кәсіби және кәсіби емес медиаторлар жайлы мәліметтер қамтылған.
Аудандық сот аталған шара халық арасында дауласушылық деңгейін төмендетуге өз септігін тигізеді деп санайды.
Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі