№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Билер кеңесінің көмегімен неке сақталды

Билер кеңесінің көмегімен неке сақталды


Қызылорда облысының барлық аудандарында «Билер кеңесі» құрылып, дауларды сотқа дейін, сотта бейбіт жолмен шешуге өз үлестерін қосуда.Жаңақорған ауданында құрылған «Билер кеңесі» де аудандық сот өндірісіндегі істерді татуласу арқылы аяқтауға септігін тигізуде.
Талап қоюшы А-ның жауапкер А-дан некені бұзуды сұраған азаматтық іс бойынша істі сотта қарауға әзірлік барысында судья тараптарға отбасын сақтап қалу мақсатында «Билер кеңесіне» жүгінуді ұсынған.
Алдын ала сот отырысында тараптар «Билер кеңесінің» көмегімен татуласып, отбасын сақтап қалуға шешім қабылдағандарын көрсетіп, соттан татуласу келісімін бекітуді сұрады.
Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы татуласу келісімі бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Ерлі-зайыптылар «Билер кеңесінің» көмегімен отбасын сақтап, олардың кәмелетке толмаған балалары толыққанды отбасында тәрбиеленуге мүмкіндік алды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
17 маусым 2020 ж. 533 0