№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыр өңірінде суға кету көбейді

Сыр өңірінде суға кету көбейді

Қызылорда облысында жыл басынан бері су айдындарында 15 адам қаза болған. Олардың арасында 9-ы кәмелет жасқа толмағандар. Былтыр дәл осы кезеңде 12 адам көз жұмса, олардың 4-і бала болатын. Ал былтыр жыл бойына жергілікті тұрғындар 39 жақын адамынан айырылды (олардың 11-і бала).
«Биыл аталған жағдайда қаза болған азаматтардың 3 (2-і кәмелетке толмаған) суға шомылу уақытында (2-і кәмелетке толмаған) қаза тапты. Ал 2-і балық аулау кезінде, 1-і қайықтан құлады, 9-ы жазатайым оқиға (оның ішінде 7-і кәмелетке толмаған) салдарынан өмірден өтті», деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усаин.
Оның айтуынша, негізгі себептері ретінде балық аулау кезіндегі абайсыздық, су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтамау және балаларды ата-аналарының қарауынсыз қалдыру секілді жағдайларды атап өтуге болады.
«Қауіпсіздік шарасына мән бермейтіндер азаймай отыр. Өкінішке қарай, оның соңы қайғылы жағдаймен де аяқталып жатады. Суға кету фактілері, негізінен, мас күйінде шомылу, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдыру және қауіпті немесе тыйым салынған аумақта суға шомылудың салдарынан болады. Сондықтан абай болыңыздар. Балаларды көзден таса жібермеңіздер», деді басқарма басшысы.
04 маусым 2021 ж. 635 0