№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СУ АЙДЫНЫНДА САҚ БОЛАЙЫҚ!

СУ АЙДЫНЫНДА САҚ БОЛАЙЫҚ!

2019 жылдың 9 айында (қаңтар-қыркүйек) су айдындарында 26 адам қаза болды, оның 11-бала.
2019 жылдың суға шомылу маусымында Жаңақорған аудан бойынша су айдындарында 7 қайғылы жағдай тіркелді. (2018 жылы – 3 қайғылы жағдай).
2018 жылмен салыстырғанда 57 %-ға көбейіп отыр.
2019 жылдың суға шомылу маусымында аудан бойынша су айдындарында 8 адам суға батып қаза болса, оның ішінде: 5-уі кәмелет жасына толмағандар. (2018 жылы – 3 адам, оның ішінде: 1 кәмелет жасына толмаған).
2018 жылмен салыстырғанда қаза болғандар саны 62 %-ға, оның ішінде: кәмелет жасына толмағандар саны 80 %-ға көбейіп отыр.
2020 жыл басталмай жатып  Жаңақорған кентінің  1 тұрғыны «Қаракөл» көлінде балық аулау кезінде қайықтан құлап  қаза тауып отыр, артында әйелі мен 3 баласы қалды.
Орын алып отырған қайғылы жағдайлардың басты себебі:
201- жылы 6- адам, оның ішінде 3 жасөспірім бала  өзен немесе каналдардың суға түсуге белгіленбеген су айданыдарында суға түсу барасында қаза тапқан;
2-жасөспірім бала Сырдария өзеніне құлап қаза тапқан; (бүгінгі күнге дейін мәйіті табылмаған)
2020 жылы 1-адам балық аулау кезінде қайықтан құлап қаза тапқан;
        
3. Су айдындарындағы қайғылы жағдайлардың алдын
алу бағытында атқарылған жұмыстар
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен 2019 жылы су айдындарындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу бағытында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы барлығы 388 мақала  жарық көрді.
Оның ішінде: газет журналдар арқылы – 5 мақала  жарық көрді. LЕD экрандар арқылы – 342 рет  арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Телеарна арқылы – 1 рет  сұхбат берілді. Бөлім атынан ашылған «Facebook», «ВКонтакте» және «Instagram» әлеуметтік парақшалары арқылы  – 40 рет  мақала жарияланды.
Сондай-ақ, 2019 жылдың 03 мамыр күні аудан әкімінің орынбасары А.Салыбековпен «Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларын құзырлы мемлекеттік мекемелермен бірлесіп ұйымдастыру туралы» 2019 жылға арналған кешенді жоспар бекітілді.
Аталған жоспар аясында ағымдағы жылы кент және ауылдық округтерде адамдар көп шоғырланатын орындар мен көше бойларына 27 дана билборд орнатылды. Су айдындарының жағалауларына «Суға түсуге тиым салынады!» тақырыбында 47 дана ескерту тақтайшалары орнатылды. «Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында арнайы дайындалған 3000 дана жадынама парақшалары таратылды.
«2019 жылғы жазғы суға түсу маусымы кезеңінде Қызылорда облысының халқын судағы төтенше жағдайдан қорғау бойынша үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы» Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №52 бұйрығына сәйкес, Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау Гарнизонының қызметкерлерімен күнделікті аудан көлеміндегі су айдындарында рейідтік жұмыстар жүргізілді.
Үгіттеу-түсіндіру жұмыстарына аудандық полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың, Жаңақорған жастар ресурстар орталығының қызметкерлері мен жергілікті «Жаңақорған тынысы» редакциясының қызметкерлері қатыстырылды.
Қазіргі таңда  кентінде Сырдария өзенінің ескі пантон тұсанан, «Проток левый» каналының (Сейтпенбетов көшесінің аяқ жағында), «Тайпақкөл» каналының (Жаңа ауыл маңында), Жаңақорған кенті, Ы.Алтынсарин көшесінің бойындағы көлдің үстіндегі көпір маңы қауіпті орындар болып отыр.  Статистикалық мәліметткерге сәйкес жоғарда аталған орындарда адамдардың қайғылы жағдайға ұшырауы жиі орын алып отыр.
 Өзідеріңізге белгілі аймағымызға тән ауа райының ыстықтығына байланысты мамыр айынан бастапжаппай суға шомылу маусымы басталады.
Осы кезеңдерде азаматтардың қауіпсіздік шараларын естерінен шығарып, немқұрайлық танытуларының салдарынан су айдындарында ересектер мен жасөспірімдердің суға батып қаза болу фактілері көбейе түседі.
Ауа райы жылы болғанмен су мұздай болуы мүмкін, әсіресе тау өзендеріндегі, су қойламаларды, көлдердіңсулар салқын болып келеді. Бұл өз кезегінде суға түскен адамның аяқ қолының тартылып қалып қайғылы жағдайға ұшырауына әкеліп соғады.
Аудан тұрғындары тарапынан судағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері сақтауға, ата-аналар тарапынан қазіргі таңда мектептерде сабақ онлайн режимде өтуіне байланысты жасөспірім балаларға қатаң бақылау жүргзуге, азаматтардың ішімдік ішіп су суға түспеуін, су айдандарына бармуаға, белгіленбеген орындарға суға түспеугешақырамыз.
Жаңақорған ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі

06 мамыр 2020 ж. 795 0