№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Cудағы төтенше жағдайлардың алдын алайық

Cудағы төтенше жағдайлардың алдын алайық


2020 жылы  кенттің 1 тұрғыны «Қаракөл» көлінде балық аулау кезінде қайықтан құлап  суға батып қаза тапқан.

2019 жылы  су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан су айдындарында 7 төтенше жағдай орын алып, төтенше жағдай салдарынан  8 адамның (оның ішінде 5-і бала) суға кетіп қайтыс болу фактісі тіркелген. Сырдария өзеніне суға кеткен 2 баланың мәйіті осы күнге дейін табылмады.
Суға шомылу маусымы кезінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар атқарылғанына қарамастан суда қайғылы жағдайға ұшырағандардың көрсеткіші азаймай отыр. Судағы зардап шеккедерге талдау жасағанда, азаматтардың суда қаза болуына Сырдария өзені мен аудан аумағындағы су қоймаларының, каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жерлеріне, судың салқындығын ескермей спирттік ішімдік ішіп суға түсу, балалардың үлкендердің бақылауынсыз су жағасына баруы мен суға түсуі, олардың ішінде жүзе білмегендігі қайғылы  оқиғаларға әкеліп соқтыруда.
Сонымен қатар, азаматтардың көлік инспекциясы тарапынан рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы мен олардың құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін білмейтіндігі де су айдындарында төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп отыр. Жаз мезгілінде оқушылар мен студенттердің табиғатқа шығып өзен мен көлдердің кез-келген жерде ішімдік суға түсуі салдарының аяғы төтенше жағдайлармен аяқталуда.
Барлық аудан тұрғындарының назарына Сырдария өзені мен каналдардың, су қоймалары және аудан аумағындағы көлдер жағалауында арнайы суға түсу орындары болмауына байланысты кез-келген жерге суға түсуге болмайтындығын ескертеміз. Атан-аналар тарпынан жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытына бақылау жасап, су айдындарына бармауға бақылау жасалса.
Жоғарыда аталған жағдайлар алдағы уақытта қайталанбас үшін, аудан тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін сақтауын сұраймыз. Төтенше жағдай орын алғанда 101; 112 немесе 23-1-01 телефондарына хабарлаңыз.

Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі.      
27 шілде 2020 ж. 663 0