№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Аудио-бейне жазбаны сот отырысында қолдану мәселелері талқыланды

Аудио-бейне жазбаны сот отырысында қолдану мәселелері талқыланды

Жаңақорған аудандық сотында «Аудио-бейне жазба жазбасын сот отырыстарында қолдану мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.
Аудандық соттың бас маман сот отырысының хатшысы Э.Серікбаева еліміздің сот жүйесіндегі технологияларды сауатты қолдана білу және ақпараттық сервистер арқылы жұмыс жүргізуді күшейту, сот төрелігін жүзеге асыру барысында заң талаптарын қатаң басшылыққа алумен қатар, адамдардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу, істерді қарау барысында аудио-бейне жазба жүйесін сот отырыстарында қолдану мәселелері туралы айтты.
Сонымен қатар Э.Серікбаева семинар барысында сотта аудио-бейнежазба құралдарын қолдану мүмкін болмаған жағдайда аудио- бейнежазбаны қолданбау себебін сот отырысының хаттамасында міндетті түрде көрсетілетінін, бұл туралы судьяға баяндау керек екенін, сот отырысы аяқталғаннан кейін сот отырысының техникалық ақаулықтары туралы кеңсе меңгерушісін хабардар ету керек екенін, аудио-бейнежазба құралдарын қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайтынын, істі қарауда аудио-бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы түсіріп алған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайтынын, ҚПК-нің 347-1 бабында көрсетілгендей, қысқаша хаттамада жазылатын мәліметтердің толық жазылу керек екенін айта келе және аудандық соттағы аудио-бейне жазбаны қолдану арқылы қаралған істерге тоқталды.
Семинарға соңында қатысушылар сот отырыстарында заң талаптарын қатаң сақтай отырып, қаралатын істерде аудио-бейне жазба жүйесін сот отырыстарында қолданудың мәселелері туралы өз пікірлерін білдірді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
31 мамыр 2021 ж. 620 0