№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаға қолдау білдірейік

Балаға қолдау білдірейік


Бала сабақты оқуды мына жағдайлар орындалғанда жақсы көретін болады: Қателесуден қорықпағанда! Балаңыз қателескенде қателігі үшін жазалаудың орнына қателігін түсіндере отырып бірге түзетіп, жетістігі үшін де мақтау айта отырып сабаққа ынтасын арттырыңыз. Аз ғана жетістігі үшін мына өмірдегі ең жақын адамы ата-анасынан марапат естігенде балаңыз келесі жетістігін бағындыру үшін тағы бір қадам жасайтын болады. Өзіне алғысы келіп жүрген ойыншығын немесе затын, жақсы көретін тәттісін алып беруге тырысыңыз. Білім алу арқылы өзінің қажеттілігіне жете алатынын түсінуге жол ашылады. Демалыс туралы да ұмытпаңыз. Тек білім ғана маңызды емес, көппен сөйлесу, достасу, пікірін білдіру, түсінісе алу да маңызды. Араласатын достарына, ортасына мән беріңіз.
Балаңыздың сабаққа ынтасын арттырудың тағы бір тәсілі балаңыздың өзін бағалауын көтеріңіз.  Өзіне сенімін арттырыңыз, балаңызға «Мен сені жақсы көремін» деп жылы сөздеріңіздіжиі айтыңыз.     Балаңыздың логикасын дамытуға көмектесіңіз. Логикасы төмен адамның мәтінді түсінуі де төмен болады. Ендеше, логиканы дамытуға арналған ойын жаттығуларды бірге орындаңыз. Кітап, газет, журналдар таңдағанда балаңыздың жас ерекешілігіне мән беріңіз.
Балаңыздың танымдық аймағын дамы­тыңыз! Танымдық аймақтар зейін, қабылдау, түйсік, ес, қиял сөйлеу, ойлау. Осы үдерістерарқылы балаңыз қоршаған ортаны түсініп қабылдап есінде қалдырады. 
Баласының есте сақтау қабілеті нашар екенін айтып шағымданатын ата-ана өте көп. Мұның барлығы ең қажетті ақпаратқа зейінді шоғырландырып, қаперімізге тоқып ала алмауымыздан. Зейінін бір бағытқа шоғырландыра алмаған бала сабақты қабылдай алмайды. Танымдық аймақтарының жұмыстарын түрлі жаттығуларды үзбей жасату арқылы дамытуыңызға болады. Бірнешеуін балаңызға орындатып көріңіз. Лабиринттер, жылдамдыққа арналған жаттығулар, «Айыр­машылықты тап!»,  «Ұқсастықты тап!»,  «Тап та, белгіле!»,  анаграммалар, филвордтар т.б.
Балаңызды оқуға қызықтыру үшін жағдай жасаңыз!  Мысалы сурет салу үшін нешетүрлі қарындаштар сатып алып беріңіз. Оның шабыты қашан ашылар екен деп күтіп жүрмеңіз. Балаңыздың бойында тығылып жатқан қабілеттерін оятуға жұмыс жасаңыз.
                                          Мархабат УТЕБЕКОВА
11 наурыз 2021 ж. 544 0