№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАЛАРҒА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАЛАРҒА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ


Жекеменшік сипаттағы мектепке дейінгі және мектептегі білім беру қызметтерін көрсететін нысандарда ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына тексеру жүргізіледі. Бұл жөнінде брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінгі күні бізде 693 нысан бойынша тексерулер басталып, олардың 460-ы бойынша тексерулер аяқталды. Алдыңғы брифингтерде атап өткеніміздей, тексеруге жататын мұндай нысандардың республика бойынша жалпы саны 1151 болатын. Қазір бұл тізім тағы да нақтыланып жатыр. Тізім нақтыланған соң, бұған дейін тізімге кірмеген нысандар тексеруге жататын нысандар тізіміне енгізіліп, ол Бас прокуратураға ұсынылады. Жалпы, сәуір айында біз өрт қауіптілігі жоғары сауда-ойын-сауық нысандарына тексеруді аяқтайтын боламыз. Одан соң мамыр-маусым айларында мектепке дейінгі және мектептегі білім беру қызметтерін ұсынатын жекеменшік сипаттағы мыңнан астам нысанға тексеру жүргізетін боламыз», - деген министр орынбасары тексеру нәтижелері қоғам назарына ұсынылатынын айтты.
Оның айтуынша, көптеген кәсіпкер өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне көңіл аударуға көшіп, өз қызметкерлерін өрт жағдайындағы іс-әрекеттерге үйрету секілді шараларды қолға алып жатқан көрінеді.
«Біз тексерулер жүргізумен қатар, аталған нысандарда оқулар мен тренингтер өткізуді де қолға алып жатырмыз. Қазіргі таңда, 20 мыңнан астам оқумен қамтылды. Сондай-ақ, өз бөлімшелерімізде арнайы оқу-жаттығу тактикаларын да жүргізіп жатырмыз. Есепті кезең ішінде 200-ден астам жедел-құтқару операциялары өткізілді», - деді Ильин.
Еске сала кетсек, көрші Ресейдің Кемеров қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша сәуір айында еліміздегі ірі сауда ойын-сауық нысандарын кезектен тыс тексерулер басталған болатын.
Ақмарал Шағатай
16 сәуір 2018 ж. 1 075 0