Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 74

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » "Балапан" телеарнасының басшысы өз қызметінен кетті

"Балапан" телеарнасының басшысы өз қызметінен кетті


«Қазақстан» телерадиокорпорациясында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. 2017 жылдың маусым айында «Balapan» арнасының басшысы болып тағайындалған Жанар Шәмел «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасының кеңесшісі болып сайланды. Ал оның орнына ақын Мақпал Жұмабай басшылыққа келген деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған ауыс-түйістер жөнінде «Қазақстан» РТРК АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жанар Шәмел «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасындағы таңғы бағдарламалардың жүргізуші қызметінен бастаған.Ұзақ жылдар «Таңшолпан» хабарының тікелей эфирін жүргізіп, шеф – редактор, продюсер қызметтерін атқарды. 2010 жылы Елбасының бастамасымен ашылған тұңғыш «Balapan» телеарнаcының негізін қалаушылардың бірі, алғашқы директоры болды. Ана тілімен қоса ағылшын, урду, хинди тілдерін меңгерген.
Ал бүлдіршіндер арнасын әрі қарай басқаратын Мақпал Жұмабай алғашқы еңбек жолын республикалық «Ана тілі» ұлт газетінің тілшісі болып бастаған. Әр жылдары «Qazaqstan» телеарнасы таңғы бағдарламалар бірлестігінің редакторы, шеф-редакторы, сондай-ақ, «Balapan» арнасының шеф-редакторы, продюсері қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, ол Мемлекеттік “Дарын” Жастар сыйлығының, Президент қоры грантының иегері.
Тағы бір айта кетерлігі, Аусатов Әзімхан «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметіне, «Қазақ радиосының» директоры лауазымына Нәзира Бердалы, «Шалқар» радиосының директоры болып Қалқаман Сарин тағайындалды.
26 қаңтар 2018 ж. 1 284 0