№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Майданнан хат

Майданнан хат

Тұтқиылдан ел басына күн туып, жақыны мен асылынажал оғы себелеген майдан даласына шығарып салған елдің есеңгіреген көңіліне дем беріп, жігерін рухтандырған бір жұбаныш майданнан жазылған хаттар еді. От пен оққа оранған қиян-кескі шайқаста жаумен бетпе-бет айқаса жүріп, сәл мүмкіндік туса қолына қаламын алып елді сағынған жүректің  сартап сағынышын ақ қағаз бетіне өлең жолдарымен де өрнектеген жауынгерлер жазбасынан жүректі елжіретер елге деген сүйіспеншілік қана есіп тұрарын бағамдайсыз.
Амандық хабарды біілдіріп үшбу хат жолдау бір басқа, соғыс даласында жүріп бастағы қиын халді өлең шумағына сыйдырудың өзі ерекше қабілет иелеріне тән қасиет болса керек. Осындай жауынгер хаттарының бірі алдымызда жатыр.
Майданда қан кешіп, қасіретті күндерді өз басынан өткеріп келген жауынгерлердің көзі қалмай бара жатқан бүгінгі күні олардың артында қалған осындай жәдігерлерінің өзі ұрпаққа мол тағылым.
Хат иесі Әшімов Қалжан ағамыздың өмір жолына тоқталсақ ол былай өріледі:
Қалжан Әшімұлы 1913 жылы 5 қаңтар күні Қазақ автономиясы Ұйық ауыл советі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында қарапайым отбасында дүниеге келген. Мектепте оқып сауат ашып, он бес жасынан бастап жұмысқа араласа бастайды. 1928 – 1930 жылдар да 26 разьезде қара жұмыс атқарып, одан әрі колхоз есепшілерін дайындайтын курста оқып келіп, екі жыл «Горняк»совхозында, 1934 жылдан бастап 1940 жылдарға дейін Бірлік кеңшарында  есепші, 1940 жылдан бастап аудандық Мемлекеттік Банк бөлімшесінде мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарды.
1641 жылы соғысқа шақырту алып, майданға аттанады. Қиыр Шығыс майданы құрамында соғысады. Жауынгердің елге жазған хаттары оның осы кездегі хал-жағдайының шынайы шежіресіндей.
Соеың бірінде, қарындасы Жанатқа жазған хаты былай өріледі:
«Хатыңды алдым, арнап жазған ағаңа,
Сағыныштан қымбат нәрсе бола ма.
Салынбағын, мені ойлап көп ойға,
Жалпы халық аттандық қой бұл тойға.
Артыма ерген жеткіншегім сен едің,
Құдай басқа салғанына көнемін.
Естігенде қайысты бір қабырғам,
Аттаныпты-ау қан майданға Зекенім.
Ағайынды үшеу едік атадан,
Зекен, Насыр басшым еді екі ағам.
Ортасында гүлдей болған Жәннатын
Жетектеп бір жүруші еді-ау анашым».деп толғанса, 42 жылы жазған хатында:
«Хат жазған алыстағы ағаң Қалжан,
Аман ба, туыс-бауыр тегіс қалқам.
Елді ағаң сағынады алыс жатқан,
Тірлікте әрбір жердің дәмін татқан.
Көп ойлап, елді-жұрььы сағынамын,
Уақыттың дегеніне бағынамын.
Басынған жауды жеңіп кегімді алмай,
Қайтпаспын елге деген бар талабым» деп өзін де қайрап, артта қалған қалың елін де сарыуайымнан арылтып, арынды өлең жолдарын жолдаса оған қарындасы Жанаттың жауабы төмендегіше өріліпті:
«Тисін хатым жан ағама арнаған,
Қапалықтан көздің жасы парлаған.
Сірә естен бір сәтте де шықпайсыз,
Іштен тынып, қайғы жұтып зарланам.
Аққу ұшар шалқар ала көлінен,
Қуат алам ағаның әр сөзінен.
Ойлағанда от өзекті өртейді,
Қауышармыз ақыр бір күн өзіңмен».
1946 жылы қаңтар айында елге аман-есен оралған  жауынгер енді бейбіт еңбекке араласып, өзінің төл кәсібі – есепшілікті жалғастырған екен. Алдымен Жаңақұрылыс колхозында есепші, 48 жылы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде аға нұсқаушы бухгалтер,1950 жылы бұл колхоз іріленіп «Октябрь» атанғанында осы колхоэдың председателі болыпты.  Одан әрі «Ленин» атындағы колхоздың прнедседателі болып қызмет атқарыпты. Денсаулығына байланысты аудандық дайындау мекемесі бастығының орынбасары болып ауысып, кейінгі жылдары аудандық автобаза құрылғанында  сол мекеменің аға диспетчері болып жұмыс атқарып, зейнетке шығады.
Жары Гүлсім екеуі 6 перзентті өмірге әкеледі. Ұлдары Әзімхан, Әуезхан әке жолымен бухгалтер мамандығы бойынша осы ауданның экономикалық дамуына зор еңбек сіңірген жандар. Өмірден ерте озған қыызы Бибаят та автобааза саласында есепші болып еңбек етті. Соғыста жүргенінде өлеңмен хат жазған қарындасы Жаннат соғыс жауынгері Ергеш Сабырханов ағамызға тұрмысқа шығып, көгеріп көктеді.
Қалжан Әшімұлы 1973 жылдың 7 мамырында дүниеден озды. Бұл кісінің кіндігінен тараған ұрпақтан бүгінде 22 немере, 47 шөбере өсіп-өркендеуде.
Баян ҮСЕЙІНОВА
08 мамыр 2021 ж. 786 0